Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет8/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Этиотропты ем
Жұқпалы аурулардың этиотропты емінің негізгі әдісі – химиотерапия әр түрлі топтарға жататын антимикробты дәрілер (антибиотиктер; сульфаниламидтік препараттар; нитрофуран туындылары, вирустық репликация ингибиторлары т.б.) қолдану.
Антибиотиктер әсер ету механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді – микроағзалардың қабырғасының синтезінің ингибиторлары; микробтық нуклеин қышқылдары мен белоктық синтезінің ингибиторлары; молекулярлы құрылымды және жасуша мембранасының функциясын бұзатын препараттар.
Микробтық клеткаларға әсер етуі бойынша бактерицидтік жэне бактериостатикалық антибиотиктерді ажыратады.
Химиялық құрамы бойынша антибиотиктер бірнеше топқа бөлінеді:

  • аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, т.б.)

  • ансамакролидтер (рифампицин, рифамицин т.б.)

  • беталактамдар (пенициллиндер, цефалоспариндер т.б.)

  • палиендер (амфотерицин В, нистатин т.б.)

  • макролидтер (олеандомицин, эритромицин,т.б)

  • полимиксиндер (полимиксин М т.б.)

  • тетрациклиндер (доксициклин, тетрациклин, т.б.)

  • хлорамфеникол (левомицетин)

  • фузирен, т.б.

Табиғи антибиотиктермен қатар синтетикалық және жартылай синтетикалық дәрілер қолданылады. Олардың антимикробты әсері, қышқылдар мен ферменттерге тұрақтылығы жоғары.
Антибиотиктердің микробқа әсерінің спектріне байланысты бірнеше топ ажыратады:

  • грам-оң және грам-теріс кокктарға (менингококк, стрепто- және стафилококктар, гонококк, коринобактериялар, клостридиялар) және кейбір грам-оң бактерияларға қарсы эффективті антибиотиктер - бензилпенициллин, бициллин, метициллин, цефалоспориндердің I буыны, макролидтер, линкомицин, ванкомицин,т.б.

  • грам-оң және грам-теріс таяқшаларға қарсы кең спектрлі антибиотиктер: жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин т.б.), хлорамфеникол, тетрациклиндер, II буынды цефалоспориндер;

  • көбінесе грам-теріс таяқшаларға қарсы активтілігі жоғары антибиотиктер: доксициклин, полимиксин, III буынды цефалоспориндер;

  • саңырауқұлақтарға қарсы препараттар: леворин, нистатин, амфотерицин В, флуканазол, кетоконазол.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әртүрлі химиопрепараттардың да маңыздылығы жоғалған жоқ. Оларға нитрофурандар, 8-оксихинолин және хинолон, сульфаниламидтер және сульфондар,т.б. туындылары жатады.
Нитрофуранды препараттар (фуразолидон, фурадонин, фурагин, фурациллин,т.б.) кең антибактериалді спектрге және қарапайымдыларға қарсы әсерге, жасушаішілік қасиетке ие. Олар ішек және зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларында және жергілікті антисептик ретінде қолданылады.
8-оксихинолин туындылары (мексаза, мексаформ, хлорхинальдон, 5-НОК, т.б.) ішек және урогениталді аурулардың көптеген бактериалді, қарапайымды, саңырауқұлақты аурулардың қоздырғыштарына қарсы эффективті.
Хинолон туындылары, әсіресе фторхинолондар (ломефлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин, т.б.) жоғары антибактериалді эффектіне, кең спектрлігіне, жасуша ішіне ену қасиетіне және төмен токсиндік әсеріне, т.б. байланысты қазіргі кезде кең қолданылуда.
Сульфаниламидтер (сульгин, сульфадимезин, сульфаниламидтер, сульфапиридазин, фталазол,т.б,) және сульфон препараттары (диафенилсульфон немесе дансон, т.б.) грам-оң және грам-теріс бактериялармен немесе қарапайымдылармен шақырылған ішек, тыныс жолдары, зәр шығару жолдары ауруларының көптеген ауруларында қолданылады. Бірақ, бұл дәрілерді қолдану әр түрлі асқынулардың пайда болуына әкеліп соғады. Жаңа сульфаниламидтер мен триметопримнің үйлесуі - котримаксазолдың (бактрим, бисептол, гросентол, септрим, т.б,) антибактериальды эффекті жоғары және жанама әсері аз.
Этиотропты терапия мақсатымен паразиттерге қарсы және вирустарға қарсы препараттар да қолданылады. Паразиттерге қарсы препараттар бірнеше топқа бөлінеді: безгек қоздырғышына қарсы (хингамин немесе делагил, хинин, т.б.), амебиаз қоздырғышына қарсы (метронидазол, парамомицин, эмитин, т.б.) және басқа протозойлы инвазияларға қарсы препараттар; гельминттерге қарсы препараттар (альбендазол, левамизол, мебендазол, празиквантель, фенасал.т.б.).
Вирусқа қарсы препараттар вирустардың тіршілік циклінің әр түрлі сатыларына әсер етеді. Клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы препараттар А тұмауына қарсы (амантадин, арбидол, ремантадин, осельтамивир, занамавир т.б.), герпестік инфекцияға қарсы (ацикловир, валацикловир, ганцикловир, полирем, т.б.), В және С вирусты гепатиттерге қарсы ( ламивудин, рибавирин, т.б.). АИВ – инфекцияға қарсы (зидовудин, невирапин, саквинавир, эпивир, т.б.) қолданылады. Қазіргі кезде вирусты инфекциялар емінде интерферондар қолданылады (адамның лейкоцитарлы интерфероны, рекомбинантты препараттар – интерлейкин - 2α, интерлейкин - 1β). Олар вирусқа қарсы әсерімен қатар иммуноынталаушы әсерге ие.
Антибактериальды, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы емінің максимальды эффектіне жету үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Қандайда бір белгілі дәрі ауру этиологиясына, науқастан бөлінген қоздырғыш штаммының сезімталдығына, ауру сатысына және науқастың осы дәріге сенсибилизациясы болуына байланысты таңдалынады.
Антибактериальды препараттардың активтілігі басқа дәрілермен өзара іс-әрекетіне байланысты болуы мумкін (мысалы, кальций препараттарының әсерінен тетрациклин эффективтілігі төмендейді; фторхинолондардың антацидті препараттардың әсерінен эффективтілігі төмен, т.б.). Антибиотиктердің өздері де көп дәрілердің әсерін өзгертеді (мысалы, аминогликозидтер миорелаксанттардың әсерін жоғарылатады, левомицетин антикоагулянттың әсерін күшейтеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет