Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет89/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   251
Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпасы ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары. Осы жерде қоздырғыш көбейіп, қанға өтеді, қаннан бездерге (сілекей безіне, жыныс бездеріне, асқазан асты безіне), орталық жүйке жүйесіне түседі. Ол барлық ағзаға таралады. Вирустың ағзаларды зақымдауы оның функциональды жағдайымен анықталады. Мәселен, ұл балалар мен 50 жастан жоғары ер кісілердің жыныс мүшелерінің зақымдануы сирек, ал жас ер адамдарда жиі байқалады. Асқынудың дамуында иммундық механизмдер роль атқарады. Паротитке табиғи иммунитет қалыптаспаған. Ауруды бастан өткізгеннен кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Алайда аурудың қайталануы кездеседі. Бастан кешкен паротиттің қалдық құбылыстары созылмалы паротит, жыныс жүйесінің, жүйке жүйесінің дисфункциясы болуы мүмкін.
Паротиттің вирустарын тек қана қаннан және сілекей безінен бөліп алумен қатар, сондай-ақ вирусты асқазан асты безінен, паротитпен ауырған әйелдердің сүтінен де бөліп алуға болатыны белгілі.
Паротит кезінде организмде бірнеше жылдың ішінде білінетін ерекше антиденелер түзіледі және организмнің аллергиялық қайта құрылуы дамиды, ол өте ұзақ сақталады (өмір бойы болуы мүмкін).
Клиникалық көріністері. Аурудың жасырын кезеңі 11-23 күнге (жиі 15-19 күн) созылады. Кейбір науқастарда 1-2 күнде, аурудың типтік көрінісі дамығанға дейін продром құбылысы байқалады, оның негізгі белгілері шаршағыштық, бұлшықеттердің ауыруы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы түрінде көрінеді. Паротиттік инфекция түрлі клиникалық түрлерде өтуі мүмкін. Паротиттік инфекцияның клиникалық түрлерінің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ. Паротиттік инфекцияның клиникалық түрлерінің жіктелуін В.Н.Реморов жасаған:


А. Манифесттік түрлері:

  1. Асқынбаған: тек қана сілекей безінің зақымдануы, біреу немесе бірнешеуі;

  2. Асқынған: сілекей безі және басқа мүшелердің (менингит, менингоэнцефалит, панкреатит, орхит, мастит, миокардит, артриттер, нефрит) зақымға ұшырауы.

Ағымның ауырлығы бойынша:

  • жеңіл (соның ішінде жасырын және атипті);

  • орташа;

  • ауыр;

Б. Инфекцияның инаппарантты түрі;
В. Эпидемиялық паротиттің резидуалды құбылысы:

  • жыныс бездің атрофиясы;

  • бедеулік;

  • диабет;

  • кереңдік;

  • орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы.

Аурудың ауыр ағымының белгісі ағзаның улану белгілерімен және қызба көрінісімен байланысты, сондай-ақ асқынудың болуымен немесе жойылуымен.
Асқынбаған паротиттік инфекция әдетте жеңіл өтеді.
Паротиттің жеңіл ағымында дене қызуының аздап көтерілуі мен ағзаның улану белгісінің әлсіз көрінісі немесе тіптен болмауы мүмкін (асқынусыз). Ал паротиттік инфекцияның орташа түрі дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, ұзақ қызбамен, ағзаның улануымен (қалтырау, бас ауыруы, буынның сырқырауы, бұлшықеттердің ауыруы), сілекей бездерінің едәуір үлкеюімен, жиі - 2 жақты паротитпен, асқынудың болуымен сипатталады. Паротиттік инфекцияның ауыр түрі жоғарғы дене қызуымен (40°С жоғары) және дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуімен (2 аптаға дейін), ағзаның қатты улануымен; астенизация, қатты әлсіздік, тахикардия, АҚҚ төмендеуі, ұйқының бұзылуы, анорексиямен және т.б өтеді. Кейде ауыр ағым аурудың 1-ші күні байқалады.
Аурудың ерекше нышаны - сілекей безінің зақымдануы. Көбіне беттің төменгі бөлігі қатты ісініп, алмұртты еске түсіреді. Бездердің ісінуі 6-16 күн сақталады. Қызба әртүрлі типте 4-7 күн бойы сақталады. Балаларға қарағанда ересектердің ауруы ұзақ әрі ауыр өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет