Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет90/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251
Асқынулары. Паротиттік инфекция кезінде көбінесе безді мүшелер мен орталық жүйке жүйесі зақымға ұшырап, асқынуы жиі білінеді. Балалардың ауруында ең жиі асқыну серозды менингит болып табылады. Бұл асқынудың жиілігі 10% асады. Серозды менингиті бар барлық балалардың 80% жуығында паротитті менингит анықталады. Әйелдерге қарағанда, ер адамдарда менингит 3 есе жиі дамиды. Науқастардың 10%-да менингит сілекей безінің қабынуынан ерте дамиды. Менингит жедел, кейде қызумен (аурудың 4-7-ші күні) басталады: бұл кезде қалтырау пайда болып, дене қызуы қайта көтеріледі (39°С дейін), сонымен қатар бас ауыруы, лоқсу мазалап, менингеальды синдром дамиды (желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг, Брудзинский нышандары оң болады). Менингит пен қызбаның нышандары 10-12 күннен кейін жойылады.
Кейбір науқастарда менингеальды нышандардан басқа, энцефалит (менингоэнцефалит) немесе энцефаломиелит белгілері дамиды.
Орхит ересектерде жиі байқалады. Оның жиілігі аурудың ауырлығына байланысты. Орхиттің белгілері аурудың басталуынан 5-7-ші күні байқалады және ол қызбаның жаңа толқынымен (39-40°С дейін), зақымдалған аймақтың айқын ауыру сезімімен сипатталады. Жыныс безінің көлемі ұлғаяды. Қызба 3-7 күн сақталып, ал орхит көріністері - 5-8 күн сақталады. Одан соң ауру бәсеңдей түседі.
Жедел панкреатит аурудың 4-7-ші күні дамиды. Бұл уақытта эпигастральды аймақта қатты ауыру сезімі пайда болып, жүрек айну, дүркін-дүркін лоқсу, қызба байқалады.
Есту мүшелерінің зақымдануы кейде толық кереңдікке алып келеді. Алғашқы белгілері - шудың пайда болуы. Жазылу кезеңінде есту қалпына келмейді.
Артриттер шамамен науқастардың 0,5%-да дамиды, соның ішінде ересектерде және әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі болады. Олар сілекей бездері зақымға ұшырағаннан кейінгі, алғашқы 1-2 аптада байқалады. Мұнда ірі буындар жиі зақымданады. Буындар ісініп ауырады. Артриттің ұзақтығы 1-2 апта, кейде ол 1-3 айға дейін сақталады.
Ал басқа асқынулар (простатит, оофорит, мастит, тиреоидит, бартолинит, нефрит, миокардит) сирек байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет