Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет73/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Гигиеналық нормалау – адам ағзасына қоршаған ортаның зиянды факторларының зиянсыз деңгейлерін заңды түрде бекіту: Химиялық факторлардың рұқсат шеткі концентрациялары (РШК), физикалық факторлардың рұқсат шеткі деңгейлері (РШД). Көп түрлі физикалық факторлардың рұқсатты деңгейлерін белгілеу мақсатында кең көлемді зерттеулер жүргізілді: Иондық сәулелену шу, діріл, иондалмайтын электромагнитті сәулелену (ультрокүлгін, инфроқызыл, лазер, микротолқынды, радиожиілікті, төмен жиіліктегі) жарықтану, микроклимат факторлары.
Еңбек гигиенасында физикалық еңбектің ауырлығын гигиеналық нормалау принциптері негізделген (физикалық динамикалық жүктеме, көтеретін және тасымалданатын жүктің ауырлығы, жұмыс қалпы, дененің иілуі, кеңістікте қозғалу), еңбектің қиындығы. Химиялық қосылыстардың РШК мен физикалық факторлардың РШД бірқатар халықаралық ұйымдар бекітеді: халықаралық еңбекті ұйымдастыру (МОТ), Бүкіләлемдік денсаулықты ұйымдастыру (ВОЗ).
Гигиеналық нормативтерді негіздеудің жалпы қабылданған принциптері бар.

  • Бірінші орында гигиеналық нормативтердің мемлекеттік сипаты және барлық ұйымдар мен жеке тұлғалардың оларды сақтау міндеті.

  • Гигиеналық нормалаудың екінші принципі – зиянды факторлардың пайда болуынан бұрын гигиеналық нормативтерді бекіту.

Эксперимент пен клиникалық, гигиеналық, аналитикалық зерттеулер нәтижесінің бірлігі қазіргі кездегі гигиеналық нормалау методологиясының маңызды принципі болып табылады.
Практикада бұл принцип гигиеналық нормалау бойынша зерттеулердің кезеңділігімен іске асады. Осы принцип зерттеудің стратегиясын таңдау, қатаң ретпен орындалатын кезеңдерін бөлуді және мүмкіндігінше жаңа материалдар мен заттарды енгізу кезеңімен синхронды жүргізу қажеттігін көрсетеді. Реальді жағдайда адам ағзаға белгілі бір жолмен түсетін бір заттың жеке әсеріне ғана емес, ал күрделі көп факторлы әсерге ұшырайды. Әсердің көптүрлілігін есепке алу қажеттілігі кешенді (бірдей, интегральді) гигиеналық нормалау принципінде көрсетіледі. Көп факторлы әсердің келесі нұсқаларын ажыратады:

  • Комбинирленген әсер – табиғаты бойынша бірдей факторлардың бір уақытта өтуі (мысалы, шу және діріл, бірнеше химиялық заттар т.б.)

  • Бірлескен әсер – табиғаты бойынша әр түрлі әсерлердің бір уақытта әсері (мысалы, шу мен химиялық заттар)

  • Кешенді әсер – бір уақытта химиялық заттардың бірден, бірнеше жолмен бір немесе бірнеше ортадан түсуі (мысалы, ауадан, азық өнімдерімен, сумен, полимерлі материалдармен, тері арқылы сіңірілу арқылы)

  • Кезекті әсер – комбинирлі әсердің бір нұсқасы, ол кезде бір заттың әсері келесі зат әсерімен алмасады (мысалы, ауылшаруашылығында, химико-фармацевтикалық өнеркәсіптерінде жұмысшылар нақты бір уақытта бір затпен контактіге түсіп химиялық қосылыстардың басқа жинағымен алмасуы мүмкін.

Қоршаған орта факторларының барлық жиынының максимальді мүмкін жүктемесін қарастыру тиімдірек. Бұл кезде климатогеографиялық жағдайларды есепке ала отырып нормативтерді дифференциялау принциптері қарастырылуы керек. Жеке алғанда, осы принцип ауыз судағы фтор мөлшерін гигиеналық нормалауда қолданылады.
Соңғы жылдарда гигиенистер мен экологтар әр түрлі экологиялық жүйелермен таралатын химиялық заттардың зиянды әсеріне назар аударды. Химиялық заттардың берілуінде, трансформациясында, жиналуында басты рөль ойнайтын экожүйелер эколого-гигиеналық көзқарастың даму қажеттілігін анықтады. Бұл жоғарыда айтылған комплексті гигиеналық нормалау принципінің бір аспектісі.
Эколого-гигиеналық зерттеулер химиялық зат объектіге түскен сәттен, ары қарай қандай жолмен адам ағзасына түсетінін көрсететін күрделі процесті зерттейді. Онда қазіргі кездегі химико-аналитикалық әдістер – хроматомасс – спектрометрия, хроматография әдістері және химиялық заттардың орта аралық транспортын математикалық модельдеу әдісі қолданылады.
Гигиеналық нормалаудың дәстүрлі әдістемесі үлкен шығын мен көп уақытты талап етеді (1 жылдан 2-3 жылға дейін). АҚШта химиялық затты токсикологиялық зерттеуге 500 мыңнан 1,5 млн. долларға дейін қаражат бөледі. Оған қоса тек АҚШ та ғана жұмысшылар 65000 көп өндірістік химиялық заттардың әсеріне ұшырайды, ал бұл елде тек 1000-нан аз қосылыстың ғана рұқсат әсер деңгейлері бекітілген.
Жаңа химиялық заттардың санының өсуі, бір жағынан, барлық өндірісте қолданылатын және жаңа енгізілетін қосылыстарды мұқият тіркеуді, екінші жағынан – гигиеналық нормативтерді негіздеу бойынша зерттеулерді жылдамдатуды талап етеді.
Айтылған нормативтермен қатар полимерлі материалдардан онымен контактіге түсетін ортаға (су, азық өнімдері) зиянды заттардың бөлінуінің рұқсат деңгейлері бар. Сондай-ақ, әр түрлі материалдардың термодиструкциясы нәтижесінде нормативтер жаңа материалдар мен бұйымдарды гигиеналық түзілетін қауіпті химиялық заттардың бөліну нормативтері бар. Бұл нормативтерді бағалау кезінде, химиялық қосылыстардың миграциясы немесе оны қыздырған кезде улы компоненттердің түзілуі нәтижесінде адам денсаулығына қауіп төндіретін өнімді шығаруға тыйым салу мақсатында қолданылады. Осылайша, қазіргі кезде профилактикалық токсикология мен гигиенада адам денсаулығына қауіпті химиялық қосылыстардың деңгейін шектейтін нормативтер жүйесі бекітілген. Гигиеналық нормалау әдістемесі сыртқы орта сапасының өзгеру тенденциясын талдау мен фундаментальді ғылым жетістіктері нәтижесінде үнемі жаңарып, жетілдіріліп отырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет