Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет71/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   167
КМГ №5 10 ай-1жас 2ай

      • Отырғанда немесе бокспен тұрғанда қолды бүгу немесе жазу

      • Адымдап қадам тастау

      • Қолға айнала қозғалыс жасау

      • Екі жағынан да арқадан ішке бұрылу

      • Арқа массажы

      • Мойын бүгілу және тегістелу

      • Іш массажы

      • Тегістелген аяқтың көтерілуі

      • Таяқша көмегімен отырғызу

      • Бір қолмен отырғызу

      • Қол көмегімен отыру

      • Іште жатқан қалпында қолмен демеп тұру арқылы бүгу

7.15. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері


Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау күрделі әрі аса өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанның тарихи табиғи жағдайлары жағымсыз әсерлерге қарсы тұра алмады, бұл орны толмас салдарға әкеліп отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру, топырақтың жалпы эрозиясына әкелді.
Семей полигонында ядролық қаруды сынау – табиғатты радиоактивпен ластандырды, су ресурстарын есепсіз пайдалану – Арал көлінің толық дерлік жойылуына әкелді. Қазақстанның ұлан-ғайыр аумағын қамтыған экологиялық ахуал сын сызығына жетті, бұл адам денсаулығының ғана емес, ұлттық ген қорының да бұзылуына (нашарлауына) әкелетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі экологиялық ахуалды талдау, біздің ұлттық байлығымыз: мұнай ресурстары мен жер асты пайдалы кені азаматтарымызға зиян келтірудің орнына, олардың игіліктеріне қызмет ететіндей бағытта мемлекет пен қоғам тарапынан нақты негізделген тұжырымдама жасау қажеттілігін көрсетті. Егер экологиялық проблема болса, демек халықтың денсаулығы зардап шегіп отыр деген сөз. Сол себепті адамдардың денсаулығын қадағалап, осы жағдайды шешіп алу керек.
Әрине, егер бізді қоршап тұрған табиғат әсем де, көз тартарлық сипатта болса, қандай ғажап болар еді. Сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мықты, экологияның әсерінен туатын дерттің саны аз болса, адамдар әр жұмысқа қабілетті, ел экономикасының одан әрі дамуына әсер етер еді. Ұлан-ғайыр кең даламыз бар, ал сонда тұратын халықтың саны тек 17 миллиондай ғана. Демек бізге дені сау, білімді, қабілетті ұрпақ қажет.
Енді экология мәселесі мен адам денсаулығына қатысты өзіміздің Жамбыл облысына оралайық. Біздің облыстағы осы мәселе дұрыс шешілмей отыр. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері тек барлық жағынан қолайлы орта бола бермейді.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың, өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалатын орындарды қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.
Ең алдымен кейбір қалалардың сыртындағы, қаланың шағын аудандарындағы әр үйдің төңірегінде, жолдың жиегінде жататын арнайы қоқыс-қалдық салатын ыдыстағы қоқысты айтсақ болады. Тіпті сол қоқыстардың жанынан өтіп бара жатып, жағымсыз иісті де байқайсың. Демек, қала тұрғындары мұнда кез келген нәрселерді тастайды. Бұл – қала халқының мәдениетсіздігі болып табылады.
Бұл мәселеден соң атмосфера ауасының тазалық сапасының бұрынғы кезден нашарлағаны туралы айтсақ. Оның себептері, ең алдымен ауаға адамның іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы болып табылады. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз. Дүние жүзі бойынша атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері жылына 200 млн. тонна. Ал оның құрамының 20%-ы химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы адамдардың жиі улануына әкеліп отыр. Негізінен бұл элементтердің мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек.
Мысалы: Тараз қаласы бойынша 2009 жылдың І жарты жылдығында 2008 жылмен салыстырғанда атмосфераның ластануы 8,2 бірліктен 6,87 бірлікке төмендеген. Формальдегидтің орта тәуліктік концентрациясы 2,67 есе, азот диоксиді 1,25 есе жоғарылаған. Шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, еріген сульфаттар, азот оксиді өткен жылғы мөлшерде қалған. Ал формальдегидтің, аммиактың, фторсутектің және көміртек оксидінің концентрациясы төмендеген. Осы екі жылды бір-бірімен салыстыра отырып, 2008 жылы ауаны ластайтын қалдықтар көлемінің – 26,39 мың тонна, ал 2009 жылы – 26,56 мың тонна екенін біліп отырмыз. Бұл – 2008 жыл мен 2009 жылдағы ауаны ластайтын қалдықтардың мөлшері бірдей деңгейде тұрғанын көрсетіп тұр. Облыс бойынша қалдықтардың көлемі:

  • 01.07. 2009 жылы – 114,36 млн. тонна

  • Өнеркәсіп қалдықтары – 108,45 млн. тонна (94%)

  • Тұрмыстық қалдықтар – 5,9 млн. тонна (6%)

  • Тау-кен өнеркәсібі – 54,61 млн. тонна (50%)

  • Химия өнеркәсібі – 20%

  • Облыс бойынша тұрмыстық қалдықтар жинайтын алаңдар – 189 млн. тонна

  • Облыс бойынша жиналған тұрмыстық қалдықтар – 5,91 млн. тонна

  • Тараз қаласы бойынша – 1,88 млн. тонна

Атмосфераны ластайтын автомобиль транспорты, химиялық өндіріс, газ өндірісі, жылу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі және т.б.
Оған Жамбыл облысы бойынша ластанудың:

  • автомобиль транспортына – 17,6 мың тонна;

  • химиялық өндірістерге – 35%;

  • газ өндірісіне – 7%;

  • жылу өнеркәсібіне – 21% ;

  • тау-кен өнеркәсібіне – 10,7%;

  • коммуналдық шаруашылыққа – 5,7%;

  • қалған өндіріс орындарына – 20,6%-ы тиесілі.

Бұл сандар ауаның ластануының жоғары екенін айқындап тұр. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы нашарлайды. Осының салдарынан әсіресе көктем мезгілінің соңы мен жаз айының басында адамдар уланып, ауруханаға түсіп жатады. Сондықтан азық-түлік, жемістер мен көкөністер құрамындағы химиялық заттардың мөлшері мен құрамына қатаң бақылау жасалып отыру тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет