3 класының 4 дәрежесі (3.4) - Еңбек жағдайы кәсіптік аурулардың ауыр түрлерінің (еңбекке қабілеттілігі жалпы жоғалған) пайда болуы мүмкіншілігімен, созылмалы аурулар санының едәуір өсуімен және еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтқан аурушаңдық деңгейінің жоғары болуымен сипатталады.
Қауіпті (экстремальды) еңбек жағдайы (4 класс) жұмыс ауысымы бойына (немесе оның бір бөлігінде) әсер етуі өміріне қауіп тудыратын, жедел кәсіптік зақымданулар, оның ішінде ауыр түрлері, дамуының қауіпін жоғарылататын, өндірістік факторлардың деңгейлерімен сипатталады.
Жоғарыда келтірілген жіктелуінде класстарының тек жалпы сипаттамасы көрсетілген. Бұдан басқа, факторлардың барлық түрлері - химиялық, физикалық, биологиялық – бойынша нақтыландырылған сапалық және сандық сипаттамалары бар.
Өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы және қауырттылығы бойынша еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері мен еңбек жағдайын жіктелуі, еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологияда көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Атап айтқанда, олардың негізінде сауықтыру шараларын жүргізудің бірінші кезектілігі анықталады, жұмыс орындарының сипаттамасы жүргізіледі, медициналық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер: жұмыс күнін қысқарту, зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, ұзартылған демалыс беру, емдік-алдын алу жөніндегі тамақтану түрімен қамтамасыз ету, емдік-қалпына келтіру шараларын жүргізу, еңбек жалақысын көтеру және басқа да мәселелер шешіледі.
20-шы жүзжылдықтың 90-шы жылдарының басында еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар базасында жаңа пән – еңбек медицинасы пайда болды, ол алдын-алу және емдеу жөніндегі медицинаның біріктірілген саласы болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жанындағы Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша, еңбек медицинасының мақсаты, барлық кәсіп түрлеріндегі жұмысшылардың дене, ішкі сезімі, әлеуметтік саулығын нығайту және ең жоғары дәрежеде сақтау; еңбек жағдайларына байланысты болатын денсаулық жағдайындағы ауытқулардың алдын алу; жұмысшыларды, жұмыс кезіндегі денсаулығына қауіпті факторлармен байланысты қауіп-қатерлерден қорғау; жұмысшыларды, олардың физиологиялық және психологиялық қабілеттіліктеріне бейімделген, өндірістік ортада орналастыру және қорғау, нәтижесінде, жұмысты жұмысшыларға және әрбір жұмысшыны өзінің жұмысына бейімдеу болып табылады.
Еуропалық елдер қауымдастығында еңбек медицинасы қызметіне кәсіптік патология жөніндегі дәрігер, психолог, психотерапевт, еңбек гигиенасы маманы, өнеркәсіп эпидемиологі, токсикология, микробиология, химия мамандары, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер, еңбек медицинасы, еңбекті ұйымдастыру, аурудың алдын алу және денсаулықты сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулер бойынша мамандар және басқалар кіреді. Медицинаның емдеу және профилактикалық бөлімдерін мұндай біріктіру жұмыс істейтін адамның денсаулық жағдайын басқару мәселелерін тиімдірек шешуге, денсаулықты сақтау мен нығайтудың жаңа құралдары мен әдістерін дер кезінде және жоғары деңгейде дайындап, практикаға енгізуге мүмкіндік береді.
(физикалық фактор) ұшырауы мүмкін.
Адам ағзасына әсер ететін улы химиялық заттар, қазіргі кезде өндірістерде, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Улар өндірістерде шикізат түрінде: анилин– әр түрлі бояулар өндіруде, өңдеу жұмыстарында қолданылса, ал хлор- маталарды ағарту үшін, бензол- еріткіш ретінде, күкіртті ангидрит- аралық заттар ретінде, қышқылдар, пестицидтер- дайын өнім ретінде қолданылады.
Өндірістік улардың әсерінен адам ағзасында болатын өзгерістер улардың сипатына және дәрежесіне байланысты көптеген факторларға: заттардың химиялық қасиетіне және құрылысына, удың концентрациясына, физикалық жағдайына, ағзаға түсу жолына, удың мөлшеріне және оның әсерінің ұзақтығына байланысты болады.
Атқаратын жұмыстың ауырлығы да маңызды болып саналады, өйткені тыныс алу жилігі атқарылатын жұмыстың ауырлығына тікелей байланысты болады. Одан басқа өндірістік удың ағзаға әсері оның физиологиялық жағдайына және өзін-өзі қорғау күшіне де байланысты болады.
Шаршау, дұрыс тамақтанбау, ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі, дененің қатты қызуы және алкоголь қолдану ағзаның улануын күшейтеді. Жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер ағзасы улардың әсеріне өте сезімтал болады.
Өндірістік улар сұйық, шаң, газ және бу күйінде болады. Газ және бу күйіндегі улар ағзаға көбінесе тыныс алу жолдары арқылы түседі. Удың ағзаға түсуінің мұндай жолы жиі кездеседі және өте қауіпті, өйткені тыныс алу жолдарын құрамында улы заттары бар ауадан қорғау өте қиын, өкпе альвеолаларының көптігіне байланысты улы заттар қанға өтеді. Кейбір газ және бу күйіндегі улы заттар жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер етіп, терінің және көздің конъюктивитін туындатады, ол әсіресе терлеп, ылғалданған жерлерде жиі пайда болады.
Шаң түріндегі улардың да ағзаға түсу жолдары газ түріндегі улар сияқты. Одан басқа олар түкірікті жұтқанда, темекі шеккенде, қолдарын жумай тамақ жеген кезде асқорыту жолдары арқылы ағзаға түсуі мүмкін.
Сұйық күйіндегі улар адамның терісіне әсер етеді. Майда жақсы еритін улар: бензол, нитробензол,бензин, тетраэтилқорғасын зақымдалған тері арқылы қанға өтуі мүмкін. Кейбір сұйық улар бөлме температурасында буға айналады.
Ағзаға енген улар әр түрлі химиялық реакцияларға түсіп, толығымен немесе жартылай зиянсыздандырылары, уларды зиянсыздауда бауыр маңызды рөл атқарады.
Улар және олардың ағзада реакцияға түскеннен кейін пайда болған заттары өкпе, бүйрек, асқорыту жүйесі және тері арқылы ағзадан шығарылады. Егер ағзаға түскен улардың мөлшері ағзадан шығарылған улардың мөлшерінен көп болса, онда олар ағзаға жиналады, бұл кезде олардың ағзаға улы әсері күшейеді.
Өндірістік улардың кең тараған түріне: көміртек тотығы, қорғасын, күкіртті ангидрит, күкірт сутек, азот тотығы, құрамында фторы бар қосылыстар, сынап булары, мышьяк тұздары, хром қосылыстары, бензол, бензин, нитроқосылыстар, тетраэтилқорғасын, агрохимикаттар және т.б. жатады.
Өндірістік уланудың алдын алуда ең маңыздысы – ол уларды өндірістен толығымен алып тастау немесе оларды улылығы аз заттармен алмастыру. Мысалы, айна өндірісінде улы сынаптың орнына күміс қолдану, өте улы еріткіш бензолды, ксилолмен немесе толуолмен алмастыру.
Өндірісте қолданылатын улы заттарды улы емес заттармен алмастыру мүмкін болмаса, ол жерде жұмысты механизациялау, автоматизациялау немесе өндірістік процесті толығымен герметизациялау қажет. Улы газдар мен шаңдарды жұмыс орындарынан шығару үшін олардың бөлінетін жеріне жергілікті ауа алмасу жүйесін орнату керек.
Өндірістік процесс кезінде улы заттармен ауаның ластануы болатын болса, ол процесс жекешеленген бөлмеде жүргізілу керек. Ол жердің қабырғасы, едені, төбесі улы заттарды бойына сіңірмейтін, оңай жуылып, тазаланатын материалдардан жасалу керек.
Улы газдың көп өлшері жиналатын жабық бөлмелерде:цистерна, ашытатын ыдыстар, канализация құдығында жұмыс жүргізер алдын ол жердің ауасының тазалығын арнайы – экспресс әдіс мысалы, индикаторлық қағаздар қолданып,тексеріп алу керек, содан кейін ғана жұмысты бастауға болады.
Жеке қорғаныс ретінде улы заттың қасиетіне және оның ағзаға әсер ету жолына байланысты әр түрлі арнайы киімдер: резеңке қолғап, етік, қорғағыш көзілдіріктер, марлі мен мақта араластырылып дайындалған маска, шаң ұстағыш респираторлар, газқағарлар, скафандрлар қолданылады.біздің елімізде еңбек туралы заңында улы заттармен жұмыс істейтіндердің жұмыс уақыты 4-6 сағатқа дейін қысқартылып, қосымша демалыс қарастырылған. Еңбек демалысы кезінде жұмысшыларды санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету қажет.
Созылмалы уланудың бастапқы белгілерін уақытылы анықтау үшін және оның алдын алу үшін мерзімдік медициналық тексеру жүргізіліп тұру керек. Медициналық тексеру өту мерзімі Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген. Медициналық тексеруден өту мерзімі удың уыттық қасиетіне байланысты, негізінен әр 6 айда немесе бір жылда бір рет, ал кейбір жұмыс түрлерінде ол әр 3 айда бір рет жүргізілу керек.
Созылмалы уланудың алғашқы сатыларын анықтау өте күрделі, сондықтан медициналық тексеруге міндетті түрде удың ағзаға әсеріне байланысты арнайы маман дәрігерлер қатысады. Диагностиканы жеңілдету үшін медициналық тексерулер кезінде функционалды және зертханалық зерттеулер жүргізу керек: қан, кіші дәрет, т.б.
Ауасының құрамында жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіретін заттар бөліп шығаратын өндірістерде жұмысшылар жұмыс соңында майлы ингаляция қабылдау керек.
Өндірістің медицина қызметкерлері өндірістік цехтардың ауасының тазалығын зауыт және санитарлық зертхананың қатысуымен үнемі қадағалап тұру керек. Қорытындыларды санитарлық нормативтер бойынша ауадағы улы заттардың ШРЕК-гымен бағалайды. Өндірістік бөлменің ауасының құрамында ең көп дегенде аммиак -2мг/м.куб, бензин-30мг/м.куб,хлор-1мг/м.куб болу керек.
Мамандыққа байланысты уланулармен күрес тиімді болу үшін, әр улану арнайы журналға тіркеледі, сол жердің медицина қызметкерлерінің, әкімшілігінің және кәсіподақ ұйымының қатысуымен ол улану толығымен зерттеледі. Уланудың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы зор. Жұмыс киімдерін өндірістік цехта қалдырып, оны орталықтандырылған жуу ұйымдастырылу керек. Тамақ ішер, су ішер, темекі шегер алдын қолды және бетті сабындап жуып, ауыз қуысын таза сумен шаю керек. Өндірістік орындарда жұмысшылар жұмыс соңында себілге түсіп, киімдерін толығымен ауыстыру керек. Кейбір өндірістерде жұмысшыларға профилактикалық мақсатта тегін сүт беріледі.
Сүт тағамдық рационның физиологиялық бағасын көтереді. Ағзаның иммунитеті көтеріледі. Кейбір өндірістердің жұмысшылары үшін профилактикалық тамақтанудың 5 арнайы рационы анықталған. Оның әр қайсысы белгілі бір удың ағзаға әсерін нейтралдап, байланыстырып оның ағзаға сіңуін азайтады немесе ағзадан шығарылуын тездетеді. Профилактикалық тамақтарды жұмысшылар таңғы ас ретінде тегін алады.
Қазіргі заманғы қызмет істеуші адамның денсаулық жағдайын және кәсіби қызметіне ықпалын жан-жақты талдау санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бүгінгі таңдағы басты бағыттарының бірі болып табылады.
Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде орындал-мауынан қолайсыздықтың тууы, қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуы,аурудың алдын алу бойынша профилактикалық медициналық тексерулердің сапасы мен қамту көлемінің төмендігі, медициналық-санитариялық бөлімдер мен бекеттердің, профилакториялардың жаппай жабылуы, жойылуы, бұрынғыдай жұмысшылардың шипажайларда, сауық-тыру орындарында, жылына бір рет демалып, күш-қуат жинап, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалынбауы кәсіби аурулардың бел алуына және түрлі аурулардың асқынуына, өзге де аурулардың пайда болуына мүмкіндік жасап, аурушаңдыққа алып келеді.
Мәселен, Қазақстанда кәсіби аурулардың мынадай нозологиялық түрлері жиі кездесіп отыр: тыныс алу органдарының (39,2%), діріл ауруы (12,7%), қимыл-қозғалыс жүйесінің бұзылуы (22,9%), есту органдарының зардаптануы (7,6%), инфекциялық жұқпа аурулар (13,6%). Кәсіби созылмалы аурулар ішінде шаң-тозаңнан болатын тыныс алу мүшелерінің зақымдануына байланысты түрлі аурулар (11-13%), /пневмокониоздар (13-14%)/, демікпе ауруы (51%-ға дейін).
Кәсіби уланулар, көбіне жұмыс орнында улану (5-6%) фактілері негізінен қорғасынның әсерінен және оның қосындылары: сынап, көмірқышқыл тотығы, хлор және фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркеледі. Жалпы кәсіби аурулардың ішінде әсіресе жұмыс істеу қабілетін уақытша жоғалту жоғары деңгейде қалып отыр. Ал бұл біздің қоғам үшін ойланатын, шешімін табуға тиіс жағдай. Кәсіби аурушаңдықтың салдарынан еңбекке қабілеттіліктің және өмір жасының ұзақтығы-ның төмендеуі байқалады. Жұмысшылар арасында кәсіби аурумен ауыратындардың көп үлесін әйелдер құрап отыр. Денсаулыққа зиянды жағдайда еңбек ететін әйелдердің саны көбеюде.
Соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне бай-ланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр. Экономикалық тұрғыдан мүдделіктің болмауынан және жұмыс берушінің жұмысшылардың денсаулығы мен жұ-мысшы еңбегін қорғау шарттарын орындауға құ-лықсыздық танытуынан, жауапкершілік сезінбеуінен, аз уақыт ішінде тез пайда табуға мүдделігінен кәсіби, өндіріске байланысты аурулардың көбеюіне, тәуекел етуге көбірек жол беруінің салдарынан келеңсіздік жағдайларға душар болу фактілерінің көбеюі жол берілуде.
Сондай-ақ, кәсіби қызметіне орай жұмысқа алу кезінде медициналық ұйғарымы түгілі, есепке алуды да өз міндеті санамау да бар. Себебі, жұмысшы ауырып қалып, жұмыстан босату кезінде келісім шартта көрсетілген әлеуметтік мәселелерге қатысты міндеттер-ді орындамау, қолданыстағы бекітілген заңдардағы кейбір заңнамалықтарды орындауға құлқының болмауы мүдделіліктің жоқтығынан көрінеді.
Халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек және денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі №155/1981 және Еңбек медициналық қызмет жөніндегі №161/1985 Конвенциясына сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмысшыларға медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтің еңбек ұйымы болуы шарт. Профпатология жоғарыда айтылған мәселелердің түп негізі болып табылады.
ҚР Конституциясына сәйкес әркім өзі еңбек ететін жерінде қауіпсіздік және еңбек гигиенасы шарттарын талап етуге құқылы. Жұмысшылардың еңбек шарт-тарының орындалуы олардың кәсіби аурулары мен сол аурулар нәтижесінде мүгедек болу көрсеткіштерінде анық көрінеді.
Өндірісте жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылатын медициналық аспектілер:
1. Еңбек ету шарттарына санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу.
2. Ірі өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың ден-саулығына бақылау үшін мониторинг жүргізетін, бол-жам жасайтын, жұмысшыларға диспансерлік бақылау жүргізетін, кәсіби ауруларды дер кезінде анықтау, ауруға дифференциалды диагностика жасау және оны тиімді емдеу мақсатында профпатологиялық кабинеттерді ашу.
3. Денсаулық сақтау саласында, жұмыс істеу жағдайларына зиянды кәсіби факторлар әсер ететін медициналық және психологиялық тұрғыдан еңбекке бейімделу мәселелерін көтеретін әдістемелік оқу бағдарламаларды әзірлеу.
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін және кәсіптік ауруларды алдын алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология басқада клиникалық пәндермен тығыз байланысты, сонымен қатар еңбек гигенасыменде.
Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсер ететін өндірістік әсерлер әрқилы. Олардың әсерлерінен тек кәсіптік аурулар ғана емес, сонымен қатар кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі. Соңғыларына өндірістің аумағында немесе тікелей жұмыс орнында тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік зақымдануларынан болған жіті аурулар жатады.
Кәсіптік аурулар жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері полиморфты болып келеді және көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір кәсіптік аурулар түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.Сондықтан қазіргі кезде этиологиялық себептерге сәйкес жалпылай топтастыру, яғни кәсіптік аурулар тудырған өндірістік фактордың сипатына байланысты жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |