Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Радиациялық гигиенаның теориялық негіздері



бет145/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   167

10.3. Радиациялық гигиенаның теориялық негіздері


Радиациялық гигиенаның өз бетінше ғылым ретіндегі шығу және даму тарихы. Зерттеу объектілері және радиациялық гигиенадағы қолданылатын әдістер .Радиациялық гигиена саласы бойынша Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары .
Ғылыми зерттеулер мен таным ретіндегі радиациялық гигиенаның шығу және даму тарихы.В.К.Рентген,А .Беккерель, Э.Резерфордың ХІХ ғасырдың соңында иондаушы сәулелер саласында ашқан әйгілі жаңалықтары. ХХ ғасырдың басындағы ғалымдар Ф.Жолио-Кюри, М.Кюри, Д.Ж.Чедвик, Д.Д.Иваненко ,Э.Фермидің қосқан үлестері.Рентген және радий сәулелерінен қорғану бойынша Бүкілхалықтың комиссиясы (19280ж),одан кейін радиациялық қорғану бойынша Бүкілхалықтық комиссиясы құрылды. Радиациялық гигиена – гигиена ғылымының жаңа өз бетінше саласы ретінде.
Оның ХХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы дамуы. Атомдық энергияны әскери және бейбіт мақсатта қолдану.Атомдық бомбаны жасау және қолдану (Хиросима,Нагасаки).Қазақстан территориясындағы ядролық қарудың көп жылдық сынақтары (Семей сынақ полигоны, <Азғын>,<Капустин Яр> және т.б. полигондар)Атомдық өнеркәсіптің дамуы(атомдық электростанциялар, гамма-сәулеленулер,өлшегіш аспатар). Ресей ғалымдары И.В Курчатов,Ф.Г. Куратков, В.А. Книжниковтың радиациялық гигиенаның дамуындағы қосқан үлестері.
Радиациялық гигиена мен санитариялық тәжірибенің негізгі мақсаты және міндеттері.Иондаушы сәулелерді қолдану саласында және тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі радиациялық гигиенаның міндеттері.Радиациялық – гигиеналық зерттеулерде қолданылатын әдістер – дозиметрия, радиометрия, спектрометрия, радиохимиялық анализ және т.б Кәсіптік топтар мен бүкіл тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары. ҚР Конституция баптары, «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөнінде », заңдары,«Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бірінші кезектегі шаралар жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлықтары және тағы басқа құқықтық пен нормативтік актілер.
Радиациялық гигиенадағы ядролық физика элементтері. Радиобелсенділік жөніндегі түсінік, осы құбылыстың табиғаты мен маңызы. Радиобелсенді айналулар. Радиобелсенді айналулар түрлері: альфа –ыдырау, электрондық ыдырау, позитрондық бета – ыдырау, К – кармау, ядролардың бөлінуі, термоядролық реакциялар. Радионуклидтердің белсенділігі, жартылай ыдырау жөніндегі түсінік . Си жүйесіндегі өлшеу бірлігі – беккерель (Бк) және жүйеден тыс – кюри (Ки) және олардың туындылары .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет