10.6. Қалыпты радияциялық фон және құрамалары
Жердің кейбір бетіндегі радионуклидтердің көп кездесетін аймақтарында және ауаның жоғарғы биіктіктерінде радияцияның табиғи көздері орташа көрсеткіші 10 және одан да көп есе асады екен. Осыған байланысты кейбір көзқарастар бойынша, бұл табиғи радияцияның фондары зиянды, ал басқа көзқарастар ол тіршіліктің жаралуына ең керекті жағдай дейтін көрінеді.
Осы жағдайда, әрине, жердің радияциялық фонының жоғарылауына ядролық қарулардың түрлі-түрлі сынақтары, атом энергетикасы мен кәсіп орындарының әсерлері мен қалдықтары себеп болғаны айдан анық. Соның нәтижесінде тұрғындардың және барлық тірі жандардың қабылдаған сәуле мөлшері көтеріліп кеткен, сонымен қатар өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, ғылымда және әскери салаларда жабық ИСК қолданылуының көп етек жаюы, кәсіби қызметкерлердің және тұрғындардың радияциялық сәулеге араласуын бір тәртіпке келтіруді талап етеді.
Ол кездегі КСРО-ны алатын болсақ, атом энергиясын қолдану саласында өткізілген, оның ішінде биологиялық зерттеулердің, тәжірибелердің, өтімді сақтану әдістері мен шаралары арқасында 1946 жылғы жылдық норма 600 мзв болса, қазіргі норма персонал үшін 20 мзв және тұрғындар үшін 1 мзв болды. Осы өзгерістерге жыл аралап қарасақ, персонал үшін бұл норма 1950-1955 жылдары- 30 рентгенге 19953- 15 рентгенге, 1961 жылы – 5 рентгенге, ал кейінгі 2000 жылы 20мзв дейін төмендеді. 5 жылда үзбей алынатын радияция мөлшері кәсіби жеке тұлға үшін 5 мзв-дан аспауы керек.
Шынына келсек, жантүршігерліктей жағдай өткен ғасырды 40-50 жылдары нормалар өлшемімен шектелгендігі 40-50 жылдар аралығында Европада және басқа континентте ірі зерттеу орталықтары ашылды.
1955 жылы Женева қалсында өткен конференциясында радибиологияның көптеген мәселелері талқыланып, атом энергиясын бейбітшілік мақсатында қолдану туралы талдау болды. Бұл уақытқа дейін жер бетіндегі атмосфералық радияциялық фонының мөлшері атомдық қаруды қолданғандықтан көбейіп кеткен еді. Радиоактивтілік сәулелерімен жарақаттану табиға көздермен бірге адамзаттың қолдан жасалған жасанды көздерімен қосылып ішкі және сыртқы радионуклидтердің адам жан-жануар ағзасына тамақ арқылы кіріп кетуіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |