Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет162/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

10.20. Атом - энергия бұлағы




1903 жылы радий элементінің үздіксіз жылу шығарып тұратынын оқымыстылар ашқан. Осы жылдан бастап, ең алғаш рет атом энергиясы бар екенін оқымыстылар тапты, оны адам өміріне қолдану тәсілдерін зерттеп, ғажайып жаңалық жасады.
Атом энергиясын осы күнгі кең пайдаланып отырған көмір және мұнай, газ энергиясымен салыстырғанда олардың арасында айырмашылық тым алшақ. Көмір немесе мұнай жанғанда ең жоғарғы температура 2000 градусқа дейін көтеріледі. Уран ядросының бөлшектерінің ұшу жылдамдығында миллиондаған градусқа жетеді.
Атом өндірісінде және радиоактивтік заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы және денсаулықты сақтау маңызды болып саналады.
Бұл мәселелердің түп негізі – дозиметрия құралымен радиоактивтік сәулеленудің деңгейін үздіксіз бақылап отыру. Дозиметриялық құралдар радиоактивтік сәулелену болатын атом электростанцияларында, атом материалдарын өңдеуге түсіретін заводтарда орнатылған. Мұндай дозиметр – бақылаушы, автоматтық түрде радиоактивтік сәулеленудің деңгейіне үздіксіз бақылау жасайды. Егер радиоактивтілік қауіпті деңгейге дейін жоғарыласа, онда авариялық қоңырау шылдырлайды, қызыл шам жыпықтайды. Осы сигнал естілісімен жұмыскерлер өте жылдам бөлме ішінен басқа жаққа шығып кетуі керек. Радиоактивтікті залалсыздандыру үшін қажетті шараларды тез арада қолданады.
Бақылаушы дозиметрден басқа арнайы дозиметр құралы бар. Ол радиоактивтік заттардың ұнтақтарының еденге шашылғанын адамның үстіндегі киіміне ілінісіп кеткенін көрсетеді.
Әр жұмыскердің өзіндегі дозиметр атом өндірісіне сәулелену деңгейінің мөлшерін анықтайды. Шамадан тыс болған жағдайда сәулелену әсерінен сақтану үшін жедел шаралар қолданылады.
Сәулелену әсерінен сақтану үшін ядролық реактордың және т.б. атомдық құрылыстардың маңайына биологиялық қорғаныс бетоннан жасалған қалыңдығы шамамен 3 метр немесе шамамен жарты метрдей қорғасыннан жасалған қабырғамен қоршайды.
Реакторде өз энергиясын берген уран элементінің қалдығын алып, оның орнына жаңа элементті салу арнайы механизм қолдану арқылы жүргізіледі. Телевизор экраны арқылы заводтың немесе тағы басқа құрылыстың ішінде болып жатқан өзгерісті бақылап отырып, сәулеленуден қорықпайтын өте қолайлы механизм қалың қабырғаның сыртында, қауіпсіз жерде отырған адамның жұмысын орындайды.Бұл көбінесе автоматты түрде, механизмнің басқаруымен өтеді.
Жоғарыда айтқандай, уран өзінің энергиясын бергеннен соң, онда басқа өте бағалы материалдар жиналады, яғни жаңа ядролық отын металл плутоний және көп, әр түрлі радиоактивтік изотоптар. Бұларды бір – бірінен ажыратып, бөліп алу және оларды пайдалану үлкен шеберлікті қажет етеді. Бірақ бұлардың біразы өмірде қолданылмауынан, радиоактивтік өндірістің керексіз заттары болып саналуынан суға, топыраққа төгіледі.
Бұл қалдықтардың ең аз мөлшерін заласыздандырмай тікелей топыраққа немесе суға тастау өте қауіпті. Олардың ішінде көпшілік заттардың радиоактивтік изотоптары бар. Бұлар өсімдік өміріне өте қажетті заттар. Оларды өсімдіктер өздеріне сіңіріп, жинақтауынан радиоактивтілік жоғарылап, қауіпті деңгейге жетуі мүмкін. Мұндай өсімдіктермен, шөппен қоректенген сиырлардың сүтінде радиоактивтілік табылған.
Атом өндірісінің қалдығын суға тастағанда радиоактивтік заттарды сіңіріп, жинақтайтын балдырлар болады. Балдырлардан бұл заттар балықтарға, ал балықтардан адамдарға өтіп, адам денсаулығына қатерлі әсерін тигізеді.
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер саналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші. Сондықтан адамзат баласын радиациядан қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.
Табиғатта адамзат баласы, жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады, яғни табиғи радиоактивтік фон деп аталатын жағдайда болады. Бұл жер бетіндегі тіршілік өмірдің табиғи қажеттілігі. Бірақ адамзат баласы өзін табиғи зат алмасу процестерінің ауқымынан шығарып, глобалды бірігей қызмет ететін жүйе ретіндегі биосферада өзінің тәртібіндегі шекті нормаларды бұзуда. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіру кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.
Космостан келетін космостық сәулелердің практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавттарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдаланып жатыр. Дерттерде диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады.
Адамдарды радияциядан қорғау – Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса қүрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінуде. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Неше түрлі экологиялық проблемалар, әсіресе радиациялық экология өз тұрғысынан шешімдерін тапқан жоқ.
Сайып келгенде, біз – қазіргі жас мамандар, келер ұрпағымыздың өмірінің жарқын да мәнді болуы үшін қоршаған ортамызды, яғни Табиғат – Анамызды аялай білуіміз қажет. Ол үшін меніңше, әр адам баласы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін бір-бірімен сабақтастырғаны жөн.


Қорытынды

ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделекті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.


Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы мектептің рөлі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да балалардың жас кезінен бастап ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз.
Сонымен қатар қазіргі негізгі мәселелердің бірі ол дұрыс тамақтану. Көбінесе оқушылардың тамақтану ауытқулары көкөністердің жетіспеушіліктері немесе қанттың көп болуы болып табылады. Ал ол өз кезегінде олардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндеріне теріс әсер етеді. Дұрыс тамақтанбау тек қана денсаулыққа теріс әсер етіп қоймайды, сондай-ақ олардың оқу үлгерімдеріне де жағымсыз ықпалын береді. Фаст-фуд тағамдарынан гастрит, асқазанның және ішектің ойық жарасы, панкреатит, үлкен дәрет қиыншылықтары және осы іспеттес басқа да аурулар, тіпті онкологиялық аурулар пайда болуы мүмкін. Егер бала кішкентайынан осындай тағаммен тамақтандырылып, соған үйренсе, өсе келе бұл баланың тағами талғамы дұрыс емес қалыптасатындығы сөзсіз. Дәмді, денсаулыққа пайдалы тағамдар дайындалған үстел басында бүкіл отбасымен жиналып тамақтану дәстүрінің маңызы зор.
Ал компьютердің зияны туралы айтпай кетуге болмайтын шығар. Қазіргі кездегі балалар компьютердің алдында күн түн демей ойындар ойнайды. Ал компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке-жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Қорыта айтқанда, әр нәрсенің қолданудың өз орны бар екенін ұмытпайық.
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған мәселелерді дұрыс шешкенде ғана компьютер сияқты қуатты құрал көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Жалпы гигиена медицина ғылымының аса маңызды саласы, медициналық жоғарғы орындарының негізгі міндеті мен мақсаты болашақ дәрігерлерге еңбек ету жағдайында гигиеналық көзқарас қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда халық арасында кәсібіне байланысты аурулардың пайда болумен және өндірістік аурулар, өндірістік жарақаттар мен өндірістік уланулардың пайда болуы мен олардың алдын алу өзекті мәселелердің бірі. Еңбек үрдісінде адам өндірістік технологиясының ерекшеліктерімен, микроклимат жағдайларымен, орындалатын еңбек іс әрекеттерінің сипатымен байланысты әр түрлі факторлардың әсеріне ұшырайды, яғни кәсіби аурулардың дамуына себеп болады. Еңбек гигиенасында еңбектің дұрыс атқарылуын, адам ағзасына тигізетін теріс салдарының алдын алудың ғылыми негіздерін және практикалық шараларын дұрыс ұйымдастырылуы қарастырылған, халықтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым әрбір адамды атқаратын қызметіне қарай өз денсаулығына да дұрыс қарауға тәрбиелеу керек. Жылдар өткен сайын атом өндірісінің қалдығын суға тастағанда радиоактивтік заттарды сіңіріп, жинақтайтын балдырлар болады. Балдырлардан бұл заттар балықтарға, ал балықтардан адамдарға өтіп, адам денсаулығына қатерлі әсерін тигізуде. Сонымен бірге адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Атом бомбалары жарылып, олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіруде. Сондықтан радиациядан қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет