Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет25/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

2.6. Судың эпидемиологиялық маңызы




Судың эпидемиологиялық қасиетін дұрыс қалыпта ұстамаса


денсаулық үшін өте қауіпті. Техникалық және тазалық тәртібі
бұзылған жағдайда су арқылы түрлі жұқпалы аурулар таралады:
тырысқақ, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия, туляремия,
бруцеллез, вирусты гепатит. Мұндай аурулардың таралуы
(эпидемия) Гамбургте, Лондонда, Ростовта, Делиде, Теміртау,
Павлодар, Астанада байқалған. Сонымен бірге ластанған сумен
паратиф А және Б, су безгегі, полиомиелит аурулары таралатыны
дәлелденген.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі
бойынша 80%- ауру судың эпидемиологиялық сапасының
нашарлығынан.
Судың эпидемиологиялық қауіптілігі туындауы үшін 3
жағдай керек:
- суға ауру пайда қылатын микроб түсу қажет;
- қауіпті микроб өзінің өмірін сақтауы қажет (сальмонелдер
2-12 күн шыдайды, тырысқақ вибрионы - 5 ай);
- ауру таратқыш микроб сумен ағзаға қабылдануы керек.
Ластанған сумен ағзаға патогенді микробтармен бірге
лямблия мен аскарида жұмыртқасы, анкилостома жұмыртқасы,
шистоматоз қоздырғышы енуі мүмкін. Судың ластануын мынадай
әдіспен зерттейді, оның негізінде судағы ішек таяқшасының
мөлшерін анықтау жатады, бұл нәжіспен ластанудың көрсеткіші
болып есептелінеді.
Айтылған мақсатқа 2 лабораториялық көрсеткіштер
қолданылады: коли-титр құрамында 1 ішек таяқшасы бар судың
ең аз мөлшері және коли-индекс 1 литр судағы ішек таяқшасының
саны, сонымен қатар сапрофитті бактериялық ластануды анықтау
үшін 1 мл судағы ет пептонды оларға егілген колония мөлшерін
анықтайды.
Жұқпалы ауруларға қарсы жер жүзінде қаншама шаралар
қолданса да су арқылы тарайтын аурулар саны көп, безгекпен -
800 млн, трахомамен - 500 млн, шистосомозбен - 200 млн,
гастроэнтеритпен - 400 млн. Жыл сайын гастроэнтеритпен 4 млн.
жас балалар және 18 млн. ересектер өлімге душар болады.
Сондықтан ауыз судың сапасын жақсартып жұқпалы аурулардың
алдын алу шараларын қадағалау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет