2.2. Судың физиологиялық маңызы
Адам ағзасында су барлық биологиялық ұлпалардың
құрамына кіреді.
- Адам денесі 65% судан тұрады;- ағзадағы су 10%-ға азайса әлсіздік пайда болады, қол
дірілдейді;
- ағзадағы су 20-22 %-ға кемісе өлімге алып келеді.
Мүшелер мен ұлпалардың құрамындағы судың пайыздық
көлемі - тіс эмалы 0,2%, сүйек 22%, тері асты май ұлпасы 30%,
мидың ақ заты 70%, бауыр 70%, қаңқа бұлшық еті 76%, жүрек
бұлшық еті - 79%, бүйрек 83%, мидың сұр заты 86%, көздің шыны
тәрізді денесі 99%. Ағзаның тірі жасушаларына су қаңқасы мен
қалыпты қызметін сақтау үшін қажет.
Ағзаның суға мұқтаждылығы орташа ауа-райының
жағдайында тәулігіне 1,5 литр, дене қимылын жұмысқа қосқан
жағдайда - 4 литр, осындай жұмысты ыстық ауа райы жағдайында
атқарылса - 6 литр
1-сызба
Су денсаулық факторы ретінде
2.3. Судың гигиеналық маңызы
- Су денені таза ұстауға, киім-кешекті, үй жиһаздарын,
үйді, ауланы таза ұстауға, ағаштар мен өсімдіктерді суарып тұруға
қажет;
- су ағзаны шынықтыруға, шомылып жаттығу үшін
қажет;
- су өндіріс үшін ауыл-шаруашылығына және тұрмыстық
мүдделер үшін қажет;
- қоғамдық тамақтану орындарында және тамақ
өнеркәсібінде тазалық сақтау үшін қажет.
Адам басына шаққанда тәулігіне колонкадан су алатын болса
130-150 литр су өткізгіш құбырлары бар ваннасы жоқ үйге қажет.
Егер ванна су жылытатыны бар үй болса, онда күніне 160-230
литр керек. Орталық жүйелі құбырмен суық және ыстық, су келіп
тұрса, адам басына тәулігіне 250-350 литр су керек.
Достарыңызбен бөлісу: |