- халық шаруашылығында және тұрмыстахимияның кең
қолданылуы;
- минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында
кең қолдану;
- атом энергетикасының өндірісте кең қолданылуы.
Жердіңластануынасанитарлықбақылау - лас қалдықтарды сыртқы ортаға таратпауды мейлінше
азайту;
- химиялық заттарды тұрмысқа және шаруашылыққа
дұрыс пайдалану;
- химиялық заттардың ең аз мөлшердегі шектелуіне
қадағалау (гексохлоранның шектеулі топырақта 1,0;
полихлорпирендікі - 0,5; карбофостікі - 2,0; хлорампанікі - 0,05
мг/кг).
сапрофиттер ғана болады. Зиянды микробтар топыраққа нәжіспен,
несеппен, қалдықтармен, өлексемен, көңмен және қалдық ағын
сумен түседі. Бірақ оларға топырақта ағзадағыдай қолайлы жағдай
туа бермейді, нәтижеде олардың көбісі не өліп қалады, не
өздерінің күшін азайтып әлсірейді. Олардың топырақта
қырылуының себебі:
- кеуіп кетеді;
- температура қолайлы емес;
- күн сәулесі қыздырып өлтіреді;
- топырақта қоректік зат табылмайды;
-топырақтағы сапрофиттермен қарама-қарсылыққа
ұшырайды.
Топырақтағы сапрофиттер мен микробтардың басым
көпшілігі 1-10 см тереңдікте болады. Бір грамм топырақтағы
сапрофиттердің саны жүз мыңдаған және миллиондаған мөлшерде
кездеседі. Топырақ тереңдеген сайын олардың саны азая береді -
25 см тереңдікте 10-20 есе кемиді, 4-7 метр жерде жоқтың қасы.
Үңгір-шұңқырдың пайда болуы микробтардың тереңдеуіне ықпал
жасайды, олар жер асты суына да өтіп кетуі мүмкін.
Сыртына қатты қабық жасай алмайтын (спор түзбейтіндер)
ішек микроағзалары, туляремия, оба, бруцеллез, лептоспироз,
полио-миэлит, құрт ауруы және басқа микробтары топырақтан
жағдай таба алмай бірнеше күннен немесе аптадан кейін қырылып
қалады.
Бірақ өлгеніне дейін-ақ олар топырақтан суға, өсімдікке және
адамға өтіп үлгеруі мүмкін. Оларды таратып үлгеретіндерге түрлі
тышқандар, шыбын мен жәндіктер де жатады. Тышқандар
таратып қана қоймай, өздері микробтардың қоры болып қалады.
Адамдардың ондай микробтармен зақымдануы топырақпен
тікелей қарым-қатынаста болуымен байланысты, балалар үшін
айрықша зиян.
Сыртына қатты қабық жасап алатын микробтарға ботулизм,
сіреспе, газды гангренасы және сібір жарасының таяқшалары
жатады. Олар өте төзімді болып келеді, топырақта бірнеше
жылдап өмір сүре алады және тіршілік қабілетін сақтап тұрады.
Топырақта ботулизмнің, сіріспенің және газды гангренасының
таралуы адам мен малдардың нәжісімен топыраққа түсіп
сақталынады. Сібір жарасының таяқша микробтары топыраққа
малдың қиымен, өлексесімен, терісі және жүнімен қарым-қатынас
арқылы таралады.
Топырақта ішек құрттары (аскаридалар, власоглавтар, үшкір
құрттар, анкилостомдар) кездеседі, топырақта олардың
тұқымдары қалың қабатпен қапталып қолайсыз жағдайда бірақ,
оптимальды жағдайда ішінде дамиды. Балаларға топырақпен және
өсімдіктермен қарым-қатынас кезінде топырақ арқылы
құрттардың тұқымдары және де нәсілдері қолдың ластануы,
тырнақ астына кіру кезінде, оны дұрыс жумаған кезінде ауыз
арқылы немесе тағам арқылы (алиментарлы жолмен) тарайды.
Негізгі жұғу жолы ластанған топырақпен қарым-қатынас арқылы,
ластанған қол арқылы сонымен зақымданған малдарды балықты
және мысықты іліктіреді солардан кейін адамға жұғады.