Тамақтыққоспалар Өнімнің сыртқы көрінісін жақсарту және органолептикалық
қасиеттерін күшейту үшін 2500-ге жуық әртүрлі қоспалар
пайдаланылады.
Оларға жататындар:
- Бояғыштар. Сыртқы түсін өзгертеді.
- Консерванттар. Өнімдердің ұзақ сақталуына ықпал
жасайды.
- Антитотықтырғыштар. Өнімнің тез бұзылуын
болдырмайды.
- Стабилизаторлар. Өнімнің бастапқы консистенциясын
сақтап тұрады.
- Эмульгаторлар. Өнімнің құрылысын ұстап тұрады.
- Дәмі мен иісін күшейткіштер.
- Антифламингалар көпіршіктенуге қарсы
заттар(сусындарда пайдаланады).
Осы қосылыстарды ұзақ уақыт күнделікті пайдаланғанда
ағзада жинақталып, белгілі бір жағдайда улылық әсер көрсетуі
мүмкін.
3- сурет
V бөлім. Топырақты санитарлық - гигиеналық бағалау және қатты, сұйық қалдықтардан елді мекендерді тазалау әдістері
Топырақ химиялық, биологиялық және басқа
құбылыстардың әсерімен тау жыныстарынан түзілген. Ол
минералдық, органикалық және биологиялық (микроағзалар)
заттардан құралады. Минералды бөлігі тау-тастардан жаратылса,
органикалық жағы өсімдіктер мен жан-жануарлардың
қалдықтарынан құралады. Топырақта болатын барлық өзгерістер
микробтардың қатысуымен іске асады.
Өсімдік және жан-жануарлар тағамдарының сапасы
топырақтың түрі мен химиялық құрамына тікелей байланысты.
Бұл жәйттің денсаулыққа қатысы мол. Мысалы, топырақта йодтың
кем болуы оның тағамда да азаюына әсер етіп, халық арасында
жемсау ауруы көбейеді.
Жердің (топырақтың) физико-химиялық қасиеті жер асты
суларының сапасына да әсер етеді.
Жердің ауа райына да әсері бар. Ауа жердің жылуынан
қызады. Жер асты суларының деңгейі жоғары тұрса климат
бұзылып, ылғалдылық үйлердің қабырғасын сыздандырады.
Сұйық және қатты қалдықтарды зиянсыздандыруда жердің
алатын орны ерекше. Жергілікті жердің салауаттылығы
нашар ұйымдастырылса топырақ ластанады, бұл денсаулыққа тиімді
емес. Лас жерде нашар иістер, құрт-құмырсқалар, шыбын-
шіркейлер жинақталады, нәтижеде түрлі аурулардың туындауына
мүмкіншілік жасалады. Сондықтан біз жерді таза сақтауға
мейлінше көңіл бөлуіміз керек.