Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет53/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   167
Аурухана учаскесін зоналарға бөлу қолайлы санитарлық және емдік-қорғаныс тәртібін ұйымдастыру, науқастарға психологиялық комфорт туғызу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу, әр түрлі бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды жағдай болып табылады. Аурухана кешенінің құрам бөліктерін зоналарға бөлу және рационалды орналастыру формасы дұрыс тікбұрышты, ені мен ұзындықтарының арақатынасы 1:2 немесе 2:3 болатын, ұзын осі шығыстан батысқа қарай бағытталған учаскелерде ең қолайлы жүзеге асырылады. Ауруханалар селитебтік зоналарда орналасқанда, емдеу және палаталық корпустарды құрылыстың қызыл сызығынан (көшелер мен аурухана аумағының шекарасы) 30 м және тұрғын үйлерден 50 м кем емес қашықтықта орналастыруы қажет. Жұқпалы аурулар бөлімшесі учаскенің түкпір жағында, жұқпалы аурулар емес бөлімшелерден 30 м кем емес қашықтықта орналасуы керек. Басқа корпустардан дуалдар арқылы және ағаштар мен бұталар арқылы бөлінуі, өзінің бөлек, көлік кіріп- шығатын жолы болуы тиіс.

VII бөлім. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы


7.1. Балалар мен жасөспірімдер организмінің негізгі өсу және даму заңдылықтары


Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ та, күрделі өсу және даму жолынан өтеді. Адам өмірінде 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету жəне қартаю. Бұл түсініктерде өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциялануы мен қызмет қабілетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қабілеттілігі жəне əлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.


Адам баласының жыныстық жетілуі, əлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасатынын атап айтуға болады. Яғни, біріншісі – 13-15 жаста, ал екіншісі – 17-18 жаста жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккір пайда болуының орташа жасы 12 жас 7 ай деп алуға болады, ал олар мектепті немесе КТУ-ді 17-18 жасында ғана бітіреді. Толық ер жету жасы – 20-21 жас деп есептелінеді.
Сəбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу жəне даму процессінде 6 заңдылық байқалады:

  • Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Əртүрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде еместігі;

  • Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмасы (жыныстық диморфизм);

  • Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі;

  • Генетикалық жəне сыртқы орталық факторлардың анықтаушы маңызы;

  • Акселерация;

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары, балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады.
Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дəрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың əртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға жəне осы жағдайдың мəнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мəліметтерге, санитарлық дəрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады. Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тəртібіне, тəрбиелеу, ағарту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қоюмен қатар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес. Бұл өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігін түсіндіреді.
Ер жету кезеңінде өсу мен даму үздіксіз жүріп жатады, бірақ олардың қарқыны жас мөлшеріне тура бағынышта болмайды. Мысалы, сəбидің денесінің ұзындығы алғашқы жылы 47%-ға ұлғаяды, екінші жылы 13%-ға, үшінші жылы 9%, 4-7 жас аралығында жылына 5-7%, ал 8-10 жаста тек, 3%-ға ғана ұлғаяды. Өсудің секірмелі түрде өзгеруі, негізінен, жыныстық қалыптасу кезеңінде байқалады, 16-17 жаста дене өсуінің қарқыны азаяды да 18-20 жаста дене өсуі тоқтайды.
Дене салмағы мен кеуде шеңберінің өзгеруіне де осы сияқты біркелкі еместік тəн болады. Мұнда өсу секірмелілігі үдемелі дифференциялану (бөліну) кезеңіне сəйкес келмейді. Мысалы, 2 жасқа дейінгі сəбилерде жүректің негізгі жұқа құрылыстары өзгермесе де, көлемі жағынан ұлғая бастағаны байқалады. Сондай-ақ, бұлшық еттердің жүйке аппаратының жетілуі, оның салмағының өсуінен артта қалып отырады. Орталық ми мен жұлынның көлемі жағынан жетілуі, дененің өсу процесінің аяқталуынан бұрын аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет