Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет138/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
Қосымша ыдысқа тазартылған судың 150 мл өлшеп, онда 
1,0 г анальгинді, 3,0 г натрий бромидін ерітеді. Босататын құтыға сүзіп, 5 мл қант 
шырынын, 4 мл шүйгіншөп тұндырмасын өлшеп құяды. Араластырып, 
тығындап, ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы 
талаптарына сәйкес босатуға безендіріледі. 
Егер дәріханада дәрілік заттардың концентрлі ерітінділері болса, онда 
натрий бромидінің 20% (1:5) ерітіндісінен керекті мөлшерін есеп бойынша алады: 
Натрий бромиді 20% ерітіндісі (1:5) рецепті бойынша: 3 г натрий бромиді 
керек, 3 х 5 = 15 мл концентрлі ерітінді алынады. 


197 
Тазартылған судың қажетті көлемі: 
Vсу = 150 мл - 15 мл = 135 мл 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 135 ml
Analgіnі 1,0 
Solutіonіs Natrіі bromіdі (1:5) 15 ml 
Sіrupі Saccharі 5 ml 
Tіncturae Valerіanae 4 ml
Vж. = 159 ml 
 
Технологиясы:
Қосымша ыдысқа тазартылған судың 135 мл өлшеп алып, 
онда 1,0 г анальгинді ерітеді, қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. Содан соң 15 мл 
натрий бромидінің 20% ерітіндісін, 5 мл қант шырынын, 4 мл шүйгіншөп 
тұндырмасын өлшеп қосады. Араластырып, тығындап, ҚР ДСӘД министрінің 
16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы талаптарына сәйкес безендіріледі. 
Дәрілік түр құрамына кіретін ұнтақ заттардың қосындысы 3% тең және одан 
жоғары болса, онда ерітіндіні заттардың концентрлі ерітінділерімен немесе құрғақ 
заттар қолданып дайындауға болады, бұл кезде 1 г затты 20
0
С температурада 
еріткендегі ерітінді көлемінің ұлғаюын (көлем ұлғаю коэффициентін КҰК) 
ескереді. 
Микстураны концентрлі ерітінділермен дайындау: 
Rp.: 
Kalіі bromіdі 
Natrіі bromіdі ana 4,0
Tіncturae Valerіanae 
Tіncturae Convallarіae ana 10 ml 
Aquae purіfіcatae ad 200 ml 
Mіsce. Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет. 
Есептеулер:
Құрғақ заттардың жалпы мөлшері: 
калий бромиді 4 г 
натрий бромиді 4 г 8 г 8 - 200 
х – 100 х = 4% 

3% 
Калий бромиді ерітіндісі (1:5) 4 

5 = 20 ml 
Натрий бромиді ерітіндісі (1:5) 4 

5 = 20 ml 
Шүйгіншөп тұндырмасы 10 ml 
Меруертгүл тұндырмасы 10 ml 
а) Микстураның жалпы көлемі: Vж. =200 мл; 
б) Vсу =200 мл - (20 мл + 20 мл + 10 мл + 10 мл) = 140 мл 


198 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 140 ml 
Solutіonіs Kalіі bromіdі (1:5) 20 ml 
Solutіonіs Natrіі bromіdі (1:5) 20 ml 
Tіncturae Valerіanae (70% спирт бар) 10 ml 
Tіncturae Convallarіae (70% спирт бар) 10 ml
Vж. = 200 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет