Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Микстураларды концентрлі ерітінділермен және құрғақ заттарды



Pdf көрінісі
бет135/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Микстураларды концентрлі ерітінділермен және құрғақ заттарды 
еріту арқылы дайындау. 
ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. N 142 «Дәрілік құралдарды 
дайындау Ережелері туралы» бұйрығының 1 бөлімінде жалпы сұйық дәрілік 
түрлерді, соның ішінде микстураларды салмақтық-көлемдік әдіспен дайындау 
ережелері келтірілген. 
Бұл нұсқау 2 бөлімнен тұрады: 
1 бөлім - сұйық дәрілік түрлерді дайындау ережелері; 
2 бөлім - қосымшалар. 
«Сұйық дәрілік түрлерді салмақтық-көлемдік әдіспен дайындау» бөлімі 
26 тармақтан тұрады. 
Дәрілік заттарды еріту және араластыру реттілігі, жалпы дайындау 
ережелері осы бұйрықтың 15 тармағында келтірілген. Сулы дисперстік 
ортасы бар сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде, ең алдымен есептелген, 
өлшенген (тазартылған, шаншуға арналған немесе хош иісті) суда, ерігіштігін 
және өзара әрекеттесуін ескере отырып, қатты дәрілік және қосымша заттар 
ерітіледі.
Өлшеніп алынған суға алдымен есірткі заттарды, психотропты, улы 
заттарды және прекурсорларды, сонан соң басқа дәрілік заттарды, олардың 
ерігіштігін ескере отырып, ерітеді. Дайындалған ерітіндіні, дәрілік заттардың 
физика-химиялық қасиеттеріне және белгіленуіне байланысты таңдап 
алынған фильтр арқылы сүзеді. Сұйық дәрілік құралдар, яғни, тұндырмалар, 
сұйық экстрактар, сулы және спиртті ерітінділер, хош иісті сулар, шырындар 
(дәмдік және дәрілік), жаңа галендік препараттар көлем бойынша өлшеніп, 
сулы ерітіндіге соңғы кезекте (бірден босататын құтыға) келесі тәртіп 
бойынша қосылады: 
-
сулы иіссіз және ұшқыш емес сұйықтықтар; 
-
спиртті сұйықтықтар, спирттің концентрациясының өсу реті бойынша; 
-
иісті және ұшқыш сұйықтықтар. 
ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. N 142 бұйрығының 16-тармағы. 
1)
 
Сұйық 
дәрілік түрлердің жалпы көлемі жазылу тәсіліне (рецептіде «дейін» деген 
көрсеткіштің барына немесе жоқтығына байланысты), еріткіш ретінде хош 
иісті сулардың, пертуссиннің, тұндырмалардың және басқа галендік 
препараттардың рецептіде болуына байланысты анықталады. Мысалы: 
Rp.: 
Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10% - 200 ml 
Tіncturae Valerіanae 10 ml 
Adonіsіdі 5 ml


193 
Mіsce. Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 2 рет 
1.
Микстураның жалпы көлемі жазылым бойынша сұйық ингредиенттердің: 
судың, дәрілік заттар ерітінділерінің, экстракциялық препараттардың және 
басқа сұйықтықтардың көлемдерін қосу арқылы анықталады: 
Vж = 200 мл + 10 мл + 5 мл = 215 мл 
Адонизид күшті әсер ететін дәрілік препарат, сондықтан оның дозасы 
тексеріледі: 
215 мл : 15 = 14,3 

14 қабылдау саны 
5 мл : 14 = 0,36 мл 
0,36 

2 = 0,71 мл, сонда 
Рецепт бойынша: 
ССРО МФ Х бойынша: 
ЖРД 
0,36 мл 
1 мл 
ЖТД 
0,71 мл 
3 мл 
Қорытынды: дозасы аспаған. 
2.
Кальций хлоридінің мөлшерін есептеу: 
10 - 100 
х - 200
х = 20,0 г 
Кальций хлориді өте гигроскопты зат, сондықтан, дәріханада 50%-дық 
ерітінді түрінде сақталады. 
50%-дық ерітінді (1:2) 1 - 2 
20 - х х = 40 мл 50%-дық ерітінді алу керек 
3.
Тазартылған судың көлемін есептеу: 
V
1
су = 200 мл - 40 мл = 160 мл
немесе 
V
2
су = 215 мл - (40 мл + 10 мл + 5 мл) = 160 мл 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 160 ml 
 Solutіonіs Cаlcіі chlorіdі 50%
 40 ml 
 Adonіsіdі (20% спирт бар) 5 ml 
 Tіncturae Valerіanae (70% спирт бар) 10 ml
Vж. = 215 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет