Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет152/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Эсилон-4 және Эсилон-5 
(C
2
H
5
)
3
-Sі-O-Sі-(C
2
H
5
)n -O-Sі-(C
2
H
5
)
3
– Aesіlonum. 
Эсилон-4 және Эсилон-5 силикон полимерлеріне жатады. Олар - тізбекті 
құрылысты 
полимерлер 
қоспасынан 
тұратын, 
полиэтилен-силоксанды 
сұйықтықтар. 
Олар барлық қатынаста эфир, хлороформ, вазелин майы, өсімдік 
майларымен араласады. Су, этанол, глицеринмен араласпайды. 
Бейполярлы дәрілік заттардың ерігіштігі полимердің тұтқырлығына 
байланысты. Мысалы, ментол Эсилон-4-те 1:4 қатынаста, ал Эсилон-5-те 1:10 
қатынаста ериді. Камфора мен фенолдың ерігіштігі де солай жүреді. 
Силиконды сұйықтықтар тері бетін қорғайтын құрал ретінде қолданылады. 
Бейсу ерітінділерінің технологиясы. 
Бейсу ерітінділерінің технологиясы: 
еріту, фильтрлеу, орамдау, безендіру сатыларынан тұрады. Әр сатының, 
еріткіштердің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері 
бар. 
Ұшқыш еріткіште ерітінділерді дайындау. 
Ұшқыш еріткіште 
ерітінділерді дайындау кезінде еріткіштің көп мөлшері булану есебінен және 
ерітіндінің концентрациясы ұлғаюына байланысты жоғалуы мүмкін, сондықтан 
қыздыру, сүзу немесе фильтрлеу операциялары орындалмайды. 
Дәрілік заттардың этанолдағы ерітінділерін дайындау сұйық дәрілік түрлерді 
салмақ-көлемдік әдіспен дайындау (ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы 
№ 60 «Дәрiлiк препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
дайындау қағидаларын бекiту туралы» Қаулысы, ҚР Қаржы министрінің 2015 


214 
жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-
жөнелту, қабылдап алу, 18.04.2000 ж. № 224 бұйрығының) қағидаларын 
бекіту туралы», ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы) 
нұсқауымен реттеледі. 
Егер рецептіде этанолдың концентрациясы көрсетілмесе, нұсқау (ҚР ДСМ 
15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы) талаптарына сай 90% этанол 
қолданылады. Тек йодтың 5% және 10% ерітінділері және баска да кейбір 
нормативті құжаттармен нормаланатын ерітінділер этанолдың басқа 
концентрациясында дайындалады (осы бұйрықтың 3 қосымшасы).
Этанолды ерітінділер 
Этанолдың концентрациясы 
Solutіo Іodі 1%, 2% 
96% 
Solutіo Hydrogenіі peroxydі 1,5% 
96% 
Solutіo Cіtralі 1% 
96% 
Solutіo Acіdі salіcylіcі 1%, 2% 
70% 
Solutіo Acіdі borіcі 0,5%, 1-3%, 5% 
70% 
Solutіo Vіrіdіs nіtentіs 1%, 2% 
60% 
Solutіo Methylenі coeruleі 1% 
60% 
ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 «Рецептілерді 
жазу, есепке алу және сапқтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 
құрамында этил спирті бар дәрілік түрлерге рецепт формат А6 формаға сай 
бланкте жазылады. Онда емдеу-профилактикалық мекемесінің (ЕПМ) штампы 
және мөрі, дәрігердің қолы және оның жеке мөрі болуы керек, рецепт дәріханада 
3 жыл бойы сақталады. Көрсетілген мерзім өткен соң құрамында үш мүшесі бар 
комиссия рецептіні өртеп жіберу арқылы жояды. Жою актісімен рәсімделеді. 
ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағында көрсетілгендей: 
-
ішуге және сыртқа қолданылатын спиртті ерітінділерді дайындаған кезде, 
әртүрлі концентрациядағы спиртті есептеу және дозалау ережелері рецептіде 
көрсетілген көлемдік өлшем бірлігіне сәйкес келеді; 
-
амбулаториялық науқастарға рецепт бойынша этанол таза күйінде тек 50 
г дейін босатылады. «Компресс жасау үшін» (қажетті сұйылтуын көрсету 
керек) немесе «Теріні өңдеу үшін» деген арнайы нұсқауы болуы тиіс;
-
басқа ингредиенттермен қоспасы жеке дайындалған күйінде - 50 граммнан, ал 
созылмалы аурумен ауыратын науқастарға 100 г-ға дейін «Арнайы белгіленуі 
бойынша» жазылымы бар, дәрігердің қолы қойылған және ЕПМ мөрі бар 
рецепт боынша босатылады. 
Фармацевтік кәсіпорындар мен дәріхана ұйымдарында 95%-дық этил 
спиртін есепке алу салмақтық өлшемде (г, кг) жүргізіледі. 
Дәріханаларда, фармацевтік кәсіпорындарда, білім беру және әлеуметтік 
қамсыздандыру ұйымдарында этил спиртін есепке алу басшының немесе ол 
уәкілеттік берген адамның қолымен және аумақтық денсаулық сақтау 
органының мөрімен АП-10 және 63-АП (18.04.2000 ж. № 224 бұйрығының 4-


215 
ші бөлімі), үлгісінде бекітіліп, нөмірленген, жіппен тігілген кітапқа түсіру 
арқылы жүргізіледі. 
Әр айдың бірінші күні этил спиртінің нақты көлемі кітаптағы қалдықпен 
салыстырылады. 
Дәріханада этил спирті сапалық-сандық есепке алу салмақпен жүргізілетін 
болғандықтан, есептеулерде спирт мөлшерін бірден салмақтық бірлікке 
ауыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет