227
ЖМҚ молекуласы дифильді. Оның бір бөлігі полярлы қасиеті бар (-
СООН; - NН
2
; -ОН және т.б.), сумен жақсы әрекеттесетін, ал екінші бөлігі
полярсыз гидрофобты радикалдардан (-СН
3
; -СН
2
; -С
6
Н
5
және т.б.) полярсыз
сұйықтықтармен сольватацияланатын атомдық топтардан тұрады. ЖМҚ
молекуласында полярлы топтардың көптігіне байланысты, суда еріткенде
гидрофильді заттар сияқты қасиет көрсетеді.
ЖМҚ еруі алдын-ала жүретін ісіну процесімен сипатталады. Ісіну –
төмен молекула еріткішті сіңіру арқылы, жоғары молекулалы заттың
көлемінің ұлғаюымен аяқталатын өздігінен жүретін процесс. Ісіну сатысы
кезінде еріткіш ЖМҚ макромолекуласының арасына еніп, бос кеңістікті
толтырады. Алдымен еріткіштің енуі капиллярлық қасиеттерге негізделген.
Әрі қарай ЖМҚ полярлы топтарының гидратациясына байланысты, молекула
аралық байланыстар босайды және түзілген бос кеңістіктер еріткіштің жаңа
молекулаларымен толтырылады.
Бұл процесс ісіну және жүйенің сығылуымен жүретін жылу бөліну
процесінен тұрады, әрі қарай еріткіш молекуласы жоғары молекулалы
заттарға диффузия түрінде еніп, оның көлемін едәуір ұлғайтады. Бір мезетте
макромолекулалар баяу еріткішке диффузиялана бастайды.
Сонымен, ісіну процесін екі сатыда өтетін процесс ретінде қарастыруға
болады: бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүреді; екінші
саты - ісіну (сұйықтық жылу бөлінусіз жұтылады).
Еріткіш диффузиялы түрде молекула жіптерінің арасына енеді. Бұл
сатыда еріткіштің көп мөлшері жұтылып, ісінген ЖМҚ көлемі 10-15 есеге
бірден ұлғаяды. Бірақ ісіну процесі әрқашан толық ерумен бітпейді, ісіну
шекті немесе шексіз болады.
Егер сольватация кезінде бөлінген энергия молекула аралық
байланыстарды үзуге жеткілікті болса, онда ісіну процесі ерумен бітеді.
Мұндай ісіну шексіз деп аталады.
Егер сольватация кезінде бөлінген энергия молекула аралық
байланыстарды үзуге жеткіліксіз болса, онда тек ЖМҚ көлемі ұлғаяды және
процесс сілбі немесе гель түзумен бітеді, ісінуді шектелген деп атайды. ЖМҚ
шекті (желатин, крахмал) және шексіз ісінетін (пепсин, трипсин,
хемотрипсин, шайырлар, экстрактар) болып бөлінуі осыған негізделген.
Ісіну көлеміне әртүрлі факторлар әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: