Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет170/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   388
Протаргол ерітіндісін дайындау. 
Протаргол - ақ уыздардың сілтілі гидролиз 
өнімдерімен - натрий альбуминаттарымен қорғалған күміс тотығының коллоидты 
заты. Күміс тотығы - 8%, қалған мөлшері - ЖМҚ қорғанысы. Протаргол қоңыр-
сары немесе қоңыр түсті, иіссіз, әлсіз ащы дәмді жеңіл ұнтақ. Суда жеңіл ериді, 
95% спиртте, эфирде, хлороформда ерімейді. Гигроскопиялық зат. Протаргол 
ерітіндісін дайындаған кезде пептизация, яғни еріту сатысы, колларголдағы ісіну 
сатысына қарағанда ұзақ жүреді. 
Rp.: 
Solutіonіs Protargolі 0,5% - 200 ml
D.S
. Қуықты жууға
Есептеу: 
Проторгол 0,5 – 100
x – 200
x = 1,0 
V
ж.
= 200 ml 
Рецептіде еріткіш көрсетілмеген, сулы ерітінді дайындалады. 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 200 ml 
Protargolі 1,0 
V
ж.
= 200 ml 


235 
Технологиясы: 
Кең мойынды қосымша ыдысқа 200 мл тазартылған су 
құйып, судың бетіне жұқа қабат етіп протарголды себелейді. Толық еруі үшін 
10-15 минут тыныштықта қалдырады. Сумен шектелген бөлігінде бөлшектердің 
біртіндеп ісінуі жүреді. Еріген препарат төменгі қабатқа түседі де, судың 
препаратқа өтуіне мүмкіндік жасайды. Шайқауға болмайды, себебі ол кезде 
протаргол жабысып, шайқау барысында түзілген көпіршік препарат 
бөлшектерін біріктіріп, пептизация процесін қиындатады. Ерітіндіні мақта 
немесе шыны фильтр арқылы сүзеді. Ескіру процесін болдырмау мақсатында 
протаргол ерітіндісі ex tempore дайындалады және қоңыр түсті құтыда 
босатылады, себебі жарықтың әсерінен препарат металдық күміске айналады 
және ерітінді қарайып кетеді. Ерітіндіні тығындап босатуға безендіреді: негізгі 
этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Жарықтан 
қорғалған жерде сақта». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет