Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Дайындау әдісіне және бастапқы шикізаттарға байланысты



Pdf көрінісі
бет186/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Дайындау әдісіне және бастапқы шикізаттарға байланысты
эмульсиялар екі түрге бөлінеді: 
- дәннен жасалынған эмульсиялар - Emulsa ex semіnіbus 
- майдан жасалынған эмульсиялар - Emulsa ex oleosіs 
Дәрілік түр ретінде эмульсиялардың артықшылықтары: 
-
ағзаға енгізілген дәрілік заттардың тез терапевтік әсер көрсетуі; 
-
майлы және эфир майларын жағымсыз иісін жасыру мүмкіндігі; 
-
шырышты қабатқа тигізетін дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін 
жұмсарту мүмкіндігі; 
-
балалар іс-тәжірибесінде эмульсияларды қолдану тиімділігі; 
-
бір дәрілік түрге бір-бірінде араласпайтын сұйықтықтарды біріктіру 
мүмкіндігі. 
Эмульсиялардың кемшіліктері: 
-
агрегаттық тұрақсыздығы; 
-
дәріхана жағдайында технологиясының қиындығы. 
Эмульсиялардың ерекшеліктері: 
-
өсімдік майы мен судың бірдей мөлшерін араластыру кезінде, бір мезгілге 
эмульсиялардың екі типін (М/С және С/М) алу мүмкіндігі;
-
диспергирлеу процесін бітірген соң, екі сұйықтық бірден екі фазаға бөлініп 
кетеді. Тұрақсыздық;
-
тұрақты эмульсия алу үшін, үшінші компонент эффективті эмульгатор 
таңдау қажет. 
Эмульсия механикалық энергияның жұтылуымен түзіледі; екі 
сұйықтықты біріктірген кезде түзілген жаңа бет, бос беттік энергияны 


254 
тасымалдайды. Бос беттік энергия беттік ауданға және фазааралық беттік 
тартылысқа байланысты:



∙S, 
мұндағы:

- бос беттік энергия, н/м 

- беттік тартылыс, н/м 
S - беттік аудан, м

Осы теңдеуден фазааралық бөлінген бет үлкен болған сайын, фаза 
бөліктерінің бетіне бағытталған, оның артық бос энергиясы да көп 
болатындығын байқауға болады.
Мұндай жүйелер термодинамикалық тұрақсыз және оларда бос энергия 
қорын азайтуға бағытталған процестер өздігінен өтеді. Бұл процесс өздігінен 
тамшылардың бір-бірімен қосылып (коалесценция) - ірілену нәтижесінде 
жүреді. Шексіз ірілену кезінде эмульсия толық бұзылып, екі қабатқа бөлінуі 
мүмкін.
Жүйе агрегативті тұрақтылығын сақтау үшін, беттік тартылысты (


төмендету арқылы дисперстік дәрежесін сақтау, сонымен бірге артық бос 
энергияны минималды мәнге дейін төмендету керек (

). Осы мақсатқа жету 
үшін беттік белсенді зат (ББЗ) қосу қажет. Олар фазааралық бетке 
адсорбцияланып, артық фазааралық энергияны төмендетеді. Фазааралық 
беттік энергия төмендеген сайын, беттік белсенді эмульгаторлар бөліну 
беткейінде жиналады. Соның нәтижесінде эмульгатордан, дисперстік фазаны 
берік қоршайтын, адсорбциялық пленка түзіледі. 
Шекаралық қабатта болатын мицеллалар немесе эмульгаторлар 
молекулалары векторлы қасиетке ие, яғни тәртіпсіз орналаспаған, керісінше 
белгілі ретпен орналасқан. Мицелла мен молекулалардың бағытталуы, 
олардың полярлы топтарына байланысты. Бұл топтар гидрофильді және 
бөлінген бетте әрқашан су фазасына бағытталған. 
Мицеллалардың немесе молекулалардың полярлы емес топтары 
гидраттанбайды, өзінің табиғаты бойынша гидрофобты бола отырып, май 
фазасына бағытталады. 
Эмульгатор эмульсияны тұрақтандырумен қатар, эмульсия типін де 
анықтайды. Қай фазада эмульгатор жақсы ерісе, сол фаза дисперстік орта 
болып табылады. М/С типіндегі тұрақты эмульсия алу үшін гидрофильді 
эмульгаторлар қосу қажет, олар суда жақсы ериді, май тамшыларында берік 
қабат түзеді, (сурет 36а). С/М типтіндегі тұрақты эмульсия алу үшін 
гидрофобты эмульгаторларды қолдану қажет, олар майда жақсы ериді (сурет 
36б). 


255 
Сурет 36. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет