Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Майлы эмульсиялардың технологиясы - Emulsa ex oleosіs



Pdf көрінісі
бет191/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Майлы эмульсиялардың технологиясы - Emulsa ex oleosіs.
Майлы 
эмульсияларды дайындау ережелері: 
1.
Егер жазылымда майдың атауы көрсетілмесе, онда эмульсия бадам немесе 
шабдалы майымен дайындалады 
2.
Рецептіде майдың мөлшері жазылмаса, онда 100,0 г эмульсия дайындау 
үшін 10,0 г май алынады (1:10). 
3.
Эмульсия келіде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып 
дайындалады 
4.
Эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: біріншілік эмульсия алу және 
оны сумен сұйылту 
5.
Біріншілік эмульсия алу кезінде оны құрайтын компоненттердің: майдың, 
эмульгатордың және судың мөлшерлік қатынасын қатаң түрде сақтау 
қажет. 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады. Біріншілік эмульсияға 
арналған су: май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде 
алынады:
мл
5
,
7
2
5
10


Біріншілік эмульсия дайындаған кезде эмульгатор мөлшері оның 
табиғатына сәйкес таңдалады (кесте 14). 
Біріншілік эмульсия 3 тәсілімен дайындалады. Ол компоненттерді 
араластыру кезектілігімен ерекшелінеді: 


260 
а) Құрғақ келіде эмульгатор мен майды мұқият ысқылайды, содан соң су 
қосып (Э + М + С), одан әрі сытырлаған дыбыс шыққанша, ысқылайды. Ол 
біріншілік эмульсияның (эмульсия корпусы) дайын болғандығын білдіреді. 
Біріншілік эмульсияның дайын болғандығы бір тамшы суды келі қабырғасына 
тамызған кезде кең із қалдыруымен дәлелденеді.
б) Эмульгаторды сумен ысқылайды, массаға, араластыра отырып, май 
қосады (Э + С + М). Біріншілік эмульсияға судың қалған мөлшерін қосады.
в) Келіде ысқылаған эмульгаторға май мен судың қоспасын қосады (Э + 
(М + С)), біріншілік эмульсия алынғанша, жылдам ысқылайды, содан соң 
судың қалған мөлшерін қосады: 
Біріншілік эмульсия алудың екінші тәсілі оптималды. Аз уақыт ішінде 
тұрақты эмульсия алынуын қамтамасыз етеді. 
6.
Эмульсиялау кезінде келсап қозғалысы бір бағытта болуы керек. Келсаптың 
тәртіпсіз қозғалысы эмульсиялау процесін баяулатады.
Кесте 15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет