Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет241/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Экстракциялық жағармайлар. 
Зауыт жағдайында әсер етуші заттарды 
өсімдік және жануар материалдарынан экстракциялау арқылы алынады. Мысалы: 
20,0 г майда кесілген батпақты ақшайыр шөбін су моншасында 100,0 г шабдалы 
майымен 30 минут тұндырады. Сүзілген сығындыға 30,0 ланолин қосып 
араластырады. 
Гетерогенді жағармайлар (суспензиялық, эмульсиялық, аралас). 
Суспензиялық және эмульсиялық жағармайларға, дәрілік заттары майда 
дисперсияланған, қатты бөлшектер немесе беттік белсенді заттардың көмегімен 
негізде таралған сұйық фаза болатын, гетерогенді жүйелер жатады. Екі жағдайда 
да дәрілік заттың, терапевтік белсенділігіне қатты және сұйық фазаның негізде 
таралуы, бөлшек көлемі, дисперсиялаушы және эмульсиялаушы құралдарды 
таңдау дұрыстығы аса маңызды роль атқарады.
Суспензиялық 
(тритурациялық) 
жағармайлар. 
Суспензиялық 
жағармайларға суда да және негізде де ерімейтін, қатты дәрілік заттары бар, негізде 
суспензия түрінде таралған жағармайлар жатады. Сонымен бірге суда еритін, бірақ 
жазылымда көп мөлшерде жазылған, оларды ерітуге жағармай массасынан 3% көп 
су қажет ететін дәрілік заттар суспензия түрінде енгізіледі. 
Резорцин, пирогаллол, цинк сульфаты (көз жағар майынан басқа), олардың 
суда ерігіштігіне қарамастан тек суспензия түрінде енгізіледі, себебі суда еріткенде 
олардың сіңірілуі күшейіп, ағзаға улы әсер көрсетеді: тітіркендіреді, тері некрозын 
тудырады. 
Дәрілік 
заттарды 
дисперсиялау, 
сулы 
суспензиялардағы 
сияқты, 
суспензиялық жағармайларды дайындаудың да маңызды сатысы, себебі олардың 
фармакологиялық белсенділігі көп жағдайда ерімейтін фазаның дисперстілігіне 
тәуелді. Мысалы, салицил қышқылының, гидрокортизонның, преднизолонның 
бөлшектерінің өлшемін 100 - 125 мкм ден 2 - 10 мкм дейін майдалағанда 
жағармайдан дәрілік заттың босап шығуы 3 - 4 есе артады. Дисперстік ортаның 
жоғары 
тұтқырлығы 
суспензиялық 
жағармайларда 
қатты 
фазаның 
седиментациясын (Стокс заңы) болдырмайды. Сондықтан сұйық суспензияларға 
қарағанда суспензиялық жағармайларда тұрақтандырғыштарды қолдану қажет 
емес. 
Суспензиялық жағармайлардың технологиясы қатты фазаның мөлшеріне 
байланысты жүргізіледі: (сурет 40). 
а) Егер ерімейтін заттардың мөлшері жағармайдың жалпы салмағының 5% 
дейін болса, онда оларды негізге сәйкес сұйықтықпен ысқылайды. Сұйықтық 


311 
қатты заттардың майдалануына ықпал жасап, бөлшектердің жабысып қалуының 
алдын алады. 
Көмекші сұйықтық ретінде қолданылады: 
Негіз
Көмекші сұйықтық 
Көмірсутекті
Вазелин майы 
Майлы негіз
Шабдалы немесе бадам майы 
Гидрофильді
Су немесе глицерин 
Көмекші сұйықтықты қатты фазаның жартысындай мөлшерде алады 
(Дерягин ережесі).
Rр: Bіsmuthі subnіtratіs
0,35
Acіdі salіcylіcі
0,15
Vaselіnі
20,0 

Mіsce fіat unquentum

Da. Sіgna.
Терінің зақымдалған жеріне жағуға 
Рецептіде негізде ерімейтін дәрілік заттар жазылған суспензия түрінде енгізіледі.
Есептеу: 
m
ж
=0,35+0,15+20,0= 20,5 
Қатты зат мөлшері 20,5 – 0,5 
100 – х х = 2,4 % < 5% 
Қатты фазаның мөлшері 5% кем, дәрілік заттарды негізге сәйкес 
сұйықтықпен ысқылайды. 
Вазелин майы
25
,
0
2
5
,
0

г 
1 – 50 тамшы 
0,25 – x 
x = 12 тамшы вазелин майы 
БП
 Acіdі salіcylіcі
0,15 
Bіsmuthі subnіtratіs
0,35 
 
Oleі Vaselіnі
0,25 (12 guttas)
Vaselіnі
 
20,0
m
ж 
= 20,50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет