Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Тарау 6 Ветеринарлық дәрілік препараттар технологиясы



Pdf көрінісі
бет4/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 Тарау 6 Ветеринарлық дәрілік препараттар технологиясы
445 
 Тарау 7 Балаларға арналған дәрілік түрлер
470 
Тарау 8 Сыйымсыз және рационалды емес жазылымдар
483 
 
Қорытынды
 
505 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
508 



АЛҒЫ СӨЗ 
Кейінгі жылдары фармацияда елеулі өзгерістер болды: дәрілік 
құралдардың өндірісін халықаралық нормалау тұрғысынан қарастыратын, 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы, «Дәрілік құралдар 
туралы» Қазақстан заңы қолдануға енгізілді; тиісті дәріханалық практиканы 
қарастыратын «Дәріханалық ұйымдарды аккредитациялау стандарттары» 
бекітілді; Қазақстанның фармацевтикалық саласына халықаралық және 
еуропалық стандарттарды кезеңімен енгізу жоспарланды. Бұл тұрғыдан 
ерекше назар аударуды, ғылыми және практикалық фармацияның қазіргі 
деңгейін көрсететін, фармацевтикалық жоғары оқу орындарын оқу 
әдебиеттерімен қамтамасыз етуді қажет етеді. 
Жоғары фармацевттік және техникалық және кәсіби білім беру 
салаларында да өзгерістер болды: фармация мамандары мен магистрлерін 
дайындауды қарастыратын, көпсатылы білім беру жүйесі енгізілді; жаңа, 
фармацевттік өндіріс технологиясы мамандығы ашылды. Осының бәрі, ҚР 
ДСМ бекітілген бағдарламаға сәйкес, сонымен қатар дәрілік түрлер 
технологиясы саласындағы өзгерістер, оқулықты қайта өңдеуді қажет етті. 
Оқулықта дәрілер технологиясының фармацевтикалық терминдері мен 
ұғымдары; дәрілерді өндіруді мемлекеттік нормалау толығымен баяндалған; 
дәрілік түрлердің жіктелуі, номенклатурасы және дозалау әдістері 
келтірілген.
Оқулықтағы материал 8 тараудан тұрады және белгілі жүйемен 
келтірілген: дәрілік түрдің анықтамасы, сипаттамасы және оларға қойылатын 
талаптары, технологиялық процестің (жалпы және жеке) сатылары, дәрілік 
заттың биотиімділігіне және дәрілік түрдің тұрақтылығына технологиялық 
факторлардың әсері, қазіргі орауыш түрлері, сонымен бірге оларды жетілдіру 
болашағы. 
Барлық дәрілк түрлер бойынша материал толық өңделген (қатты дәрілік 
түрлер, ішуге және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрілік түрлер, шаншуға 
арналған және көзге арналған дәрілік түрлер және т.б.).
Кейбір дәрілік түрлер жаңадан енгізілген: жинақтар, балаларға арналған 
дәрілік түрлер, ветеринарлық дәрілік түрлер. 
Тиісті дәріханалық практика (Good Pharmacy Practice; GPP) фармацевтік 
қызметкерлердің тұрғындарға көрсететін, фармацевтік қызметінің тиісті 
сапасын қамтамасыз ету мақсатында жасалған, Ереже болып табылады. Бұл 
Ережелер денсаулық сақтау жүйесінде, тұрғындардың денсаулығын 
нығайтуға және аурудың алдын-алуға, қауіпсіз, эффективті және тиімді 
емдеуге, 
дәрілік 
препараттарды 
қолдануда 
айқындалатын 
және 
проблемаларды шешуге байланысты фармацевтің ролін анықтайды. 
Демек, қатаң талаптар қойылмаса да, фармацевтика саласы 
сертификаттаудан өтуі міндетті болып табылады. Өйткені, халықтың 
денсаулығы өндірілетін дәрілік препараттар сапасы мен сапа менджменті 
жүйесіне тікелей бағынышты. 
Қазіргі уақытта іс жүзінде барлық сала 
сертификаттауды қажет етеді. 
Фармацевтика
мемлекеттік органдар тарапынан 
міндетті түрде бақылауға алынады, өйткені халықтың денсаулығы көбінесе 



осы өнеркәсіптің қызмет сапасына байланысты болады. 
Сондықтан мамандандырды осы талаптармен жалпы таныстыру 
мақсатында оқулыққа «Тиісті практикалардың фармациядағы концепциясы. 
GPP. Фармациядағы сапа менеджмент жүйесі» бойынша мәліметтер 
енгізілген. 
Үлкен назар негізтүзуші және көмекші заттарға, дәрілерді тұрақтандыру 
және сақтау мерзімін ұзарту, дәрілік құралдардың өз ара сыйымсыздық 
сұрақтарына және басқа да теориялық сұрақтарға көңіл аударылды.
Оқулықты 
жазуда 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
фармакопеясы (2008, 2009, 2014), КСРО Мемлекеттік IX, X, XI 
фармакопеялары, сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрінің әрекеттегі 
нормативті құжаттары қолданылды. Негізгі терминдердің аықтамалары 
«Терминологиялық сөздікке» (1982) және ҚР «Дәрілік құралдар туралы» 
заңы (2009) талаптарына сәйкес берілген. Химиялық заттардың атаулары,
халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы комиссиясымен 
бекітілген және МФ үшін ұсынылған, халықаралақ химиялық терминалогияға 
сәйкес келтірілген.
Оқулықта арнайы пәндермен пәнаралық байланыс және базалық 
пәндермен (химиямен, физикамен, биологиямен жене т.б.) интеграция көрініс 
тапқан. Бұл оқулық студенттерге дәрілер технологиясы негіздерін меңгеруге 
көмектеседі және олар үшін фармацевтік қызметтерінде пайдалы болады деп 
ойлаймыз.
Оқырмандардың әділ сындарын авторлар изгі ниетпен қабыл алады, 
себебі ол көзге түспеген қателіктерді жоюға, қажетсіздерді шығаруға және 
қалып кеткендерді қосуға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет