Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет58/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Көрсеткіштердің бір қалыптылығы
– бірдей жағдайларда 
таразыда жүргізілетін, дене массасын бірнеше рет анықтау кезінде бірдей 
нәтижелер көрсететін таразы қабілеті. 
Таразы тастары. 
Массаны анықтау үшін миллиграммдық және 
граммдық өлшегіш тастар қолданылады (сурет 8).


90 
Сурет 7. 
Тарирлі таразылар (ВКТ), немесе Мор таразысы 
 
 
Сурет 8. 
Таразы тастары және миллиграмдық тастар формалары
 
Миллиграммдық тастар мельхиордан немесе алюминийден әртүрлі 
формалы пластинкалар түрінде шығарылады: үшбұрышты, төртбұрышты, 
алтыбұрышты. Граммдық тастар болаттан жасалады және мойыны бар 
цилиндрлер түрінде шығарылады. Тотығудан сақтау үшін оларды никель 
немесе хром қабатымен қаптайды. Тастардың беті тегіс, жылтыр, 
сызылмаған, жарылмаған болуы тиіс. Өлшегіш тастарды тазалықта ұстау 
қажет және тек пинцет көмегімен алу керек. 
Қазіргі таңда дәріханаларда электрондық таразылар да жиі 
қолданылады. Осы заманғы электрондық таразылар қос дисплейлі, есте 


91 
сақтау қабілеті бар, 100% тозаң мен ылғалдан қорғалған, 0,001-0,002 г 
салмақты анықтау мүмкіндігі бар.
Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау 
Дәріхана тәжірибесінде масса бойынша дозалаумен бірге көлем және 
тамшы бойынша дозалау кеңінен қолданылады. Масса бойынша дозалау 
дәлірек, себебі, көлем және тамшы бойынша дозалау тәсіліне бірқатар 
факторлар әсерін тигізеді: температура, сұйықтықтың табиғаты, өлшегіш 
прибордың радиусы, жұмысшы көзінің қырағылығы. Көлем бойынша дозалау 
тәсілінің бір артықшылығы бар, ол – уақытты үнемдеу мүмкіндігі. 
Сұйық дәрілік препараттар ингредиенттерін өлшеу үшін дәріханалық 
бюреткалар, пипеткалар және тамызғыштар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет