Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет94/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Демікпеге қарсы 
Меңдуана жапырақтары 
Итжидек жапырақтары 
Сасық меңдуана 
жапырақтары 
Натрий нираты 
 
 
 
 
 
 
Іш айдайтын 
Сынғақ итшомырт қабығы 
Мыңжапырақ шөптері 
Қалақай жапырақтары 
Сенна жапырақтары 
Жостер жемістері 
Анис жемістері 
Мия тамырлары 
Гемморойға қарсы 
Сенна жапырақтары 
Мыңжапырақ шөптері 































Ірі ұсақталған жапырақтарын 
араластырады. 
Қоспаға 
пульверизатор көмегімен 2 
мл судағы 1,0 г натрий 
нитратын қосып, массаны 
біркелкі 
ылғалданғанша 
араластырып, 60 
0
С аспайтын 
температурада 
кептіреді.
Бронхиальды демікпеде – 1\2 
шәй қасық мөлшерін жағып, 
күніне 2 рет дем алады 
немесе 
жиынтығы 
бар 
темекіні шегеді.
№1 және № 2 жиынтықтың – 
ас қасығын стакан қайнаға 
сумен демдеп 20 минут 
тұндырып, сүзу. Түнге қарай 
1\2-3\4 стаканна қабылдау.
Қоспаның 1 ас қасығын 
стақан 
қайнаған 
сумен 


139 
Сынғақ итшомырт қабығы 
Кориандр жемістері 
Мия тамырлары



демдеп, 20 минут тұндырып, 
сүзу. Түнге қарай 1\2-1 
стақаннан қабылдау.
Дозаланған жинақтарды, жинақтың бір дозасына есептегендегі әр 
ингредиенттің салмақтық мөлшерін және доза санын көрсете отырып, 
тағайындайды. Дозаланған жинақтарды сирек тағайындайды. 
Жинақтарды дайындау 
Жинақтар технологиясы келесі сатылардан тұрады: 
-
Өсімдік материалын майдалау және елеу; 
-
Майдаланған өсімдік шикізатын араластыру; 
-
Жинақта тағайындалған тұздар, эфир майлары мен басқа дәрілік 
заттарды қосу.
Майдалау.
Жинақтарды дайындауға қолданылатын шикізат нормативті- 
техникалық құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жинақтардың 
құрамына кіретін, дәрілік шикізаттан әсер ететін заттардың жақсы 
сығындалуы үшін әр шикізат барлық уақытта жеке–жеке майдаланады. 
Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау үшін қолданылатын жинақтар 
құрамына кіретін шикізаттың майдалану дәрежесі «Тұнбалар мен 
қайнатпалар» мақаласының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Майдалау
өсімдік шикізатының құрылысы мен түріне байланысты. Өсімдіктің әртүрлі 
бөліктерін майдалаудың келесі ережелері бар: 
-
Жапырақтарын, шөптері мен қабығын кесілген түрде қолданады
(қайшымен, пышақпен, тамыр және шөп кескіштердің көмегімен 
кеседі), жемістері мен ұрықтарын езгілеу немесе білікті немесе басқа 
да диірменде ысқылап ұнтақтайды; 
-
Тамырлары мен тамырсабақтарын келіде ұнтақтайды (механикалық) 
немесе әртүрлі диірмендердің көмегімен езгілейді немесе ысқылайды; 
-
Гүлдері мен майда гүлшоғырларын бүтін, ұсақталмаған түрінде 
қолданған тиімді, өйткені, гүл тінін түзетін, жұқа қабатты 
паренхимасы, әсер етуші заттардың шығуына кедергі жасамайды. Тек 
қана жөке гүлдерін ғана қатты гүлшоғырларына байланысты ұсақтау 
қажет.
ҚР МФ сәйкес жинақтар құрамына кіретін шикізаттарды бөлек-бөлек 
майдалайды, өсімдік шикізаттарын: жапырақтарды, гүлдерді өлшемі 5 мм-ден 
артық емес; сабақтарды, қабықты, тамырларды , тамыр сабақтарды – 3 мм-ден 
артық емес; жемістер мен тұқымдарды – 0,5 мм-ден артық емес бөліктерге 
дейін майдалайды, кейбір жемістер мен тұқымдар тұтас түрінде жіберіледі. 
Кейбір өсімдіктерге бұл ережелер қатысты емес. Мысалы, жапырақтары 
көн тәрізді қалың, тығыз (аю құлақ, эвкалипт, ит бүлдірген) ірі ұнтақ
алынғанша ұнтақтайды; зығыр дәндерін бүтін күйінде қолданады, себебі одан 
алатын шырыш дәннің беткі қабатында болады және т.б. 
Өсімдік шикізаттары қиын майдаланатын нысандарға жатады, бұл
шикізат құрамындағы өсімдік жасушаларының кейбір компоненттерінің 
гельінің болуымен түсіндіріледі. Ауада кептірген кезде шикізат құрамында


140 
9-15% ылғал болады. Ылғалды материал серпімділік қасиетіне ие, 
майысады, қиын майдаланады; аса кептірілген - сынғыш болады, майдалау 
кезінде көп шаң пайда болады. Сонымен қоса, шикізат құрамында су 
неғұрлым көп болса, соғұрлым гельдің болу мүмкіндігі жоғары болады, 
салдарынан, өсімдік тінінің серпімділігі жоғары болады. Майдалауды 
жеңілдету үшін шикізаттың сынғыштықтығын арттыруға ұмтылады, оған 
майдалау алдында 5-6 % қалдық ылғал қалғанша кептіру арқылы қол 
жеткізіледі.
Өсімдік шикізатын алғашқы майдалау галенді фабрикаларда немесе
арнайы дайындау базаларында жүзеге асырылады. Дәріханаларға дәрілік 
өсімдіктер майдаланған түрінде түседі. Тек кейбір жағдайларда ғана, кейбір 
өсімдіктерді қосымша майдалауды қажет болады. 
Өсімдік материалдарын майдалаудың маңызды ережесі - өсімдік 
материалын қалдықсыз майдалаудың қажеттігі. Бұл талап өсімдіктің бір 
мүшесінің әртүрлі механикалық қасиетімен және де, осы тіндердегі әсер 
етуші заттардың әртүрлі мөлшерімен түсіндіріледі. Мысалы, итжидек 
жапырағы пластинкасының тіндерінде, күре тамырына қарағанда
алколойдтар мөлшері кем, соның салдарынан, дұрыс емес майдалау,
құрамында алколоид мөлшері кем ұнтақ алынуы мүмкін.
Елеу.
Майдаланған өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемі сәйкес 
електен елеу арқылы анықталады. Өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемі
жиі жинақтың тағайындалуымен анықталады. Сонымен, мысалы, шегілетін 
жинақтардың құрамына кіретін өсімдік бөлшектері МФ Х талаптарына 
сәйкес, бөлшектерінің көлемдері бірдей - жинақты дайындау үшін өсімдіктің 
қай бөлігін қолдануына қарамастан 2 мм болуы тиіс.
Өсімдік материалдарын майдалау кезінде өте майда бөлшектердің белгілі 
көлемі пайда болады (шаң-тозаң). Соңғысының болуы сапасы төмен 
жинақтардың пайда болуына алып келеді. Мысалы, құрамында шаңы бар
жинақтан алынған шәйді, сүзу арқылы тазарту қиын болады. Сондықтан, 
өсімдіктің барлық бөлшектері мен түрлері майдалаудан кейін шаңнан 
тазартылуы тиіс. Шаңнан тазарту үшін, майдаланған бөлшектер өлшемі 0,2 
мм елекпен елеу арқылы жүзеге асырылады. 
Араластыру.
Дәріхана жағдайында өсімдік материалдарын, 
майдаланған және шаңнан еленген материалдарды араластыру парақ 
қағазының үстінде, кең келіде немесе фарфор табақшасында шпательдің, 
күрекшенің, целлулойдты пластинканың көмегімен жүргізіледі. Алдымен аз 
көлемде жазылған өсімдік материалдарын, содан кейін бөлшектеп көп 
мөлшерде жазылғандарын, біркелкі қоспа пайда болғанша араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет