Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


 Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер)



Pdf көрінісі
бет106/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

3.2 Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер) 
Ерітінділер – инъекцияға, ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе 
бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр. 
Ерітінділер құрамына және қолдану тәсіліне қарай әртүрлі болады. Бұл 
тарауда ең алдымен нағыз ерітінділер қаралады. Нағыз ерітінділер бөлшектерінің 
диаметрі 1 нм-ден төмен, еріген заттары молекулаға немесе ионға дейін ыдыраған 
сұйық дисперсті жүйе. Нағыз ерітінділер бір фазалы, гомогенді жүйелер. Олар 
мөлдір, ультрафильтрден еркін өтетін және біртектілігін ұзақ уақыт аралығында 
сақтайтын сұйықтықтар.
Нағыз ерітінділер еріген зат пен еріткіш арасындағы байланыстың 
беріктігімен сипатталады. 
Сулы ерітінділер салмақ-көлемдік тәсілмен дайындалады, яғни, дәрілік 
заттардың жазылған мөлшері салмақ бойынша (грамм), еріткіш - тазартылған су - 
көлем бойынша (мл) алынады. 
Сулы ерітінділердің технологиясы келесі сатылардан тұрады: 
-
жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау;
-
дәрілік заттарды еріту;
-
сүзу немесе фильтрлеу;
-
орамдау және босатуға безендіру;
-
дайын өнімнің сапасын бағалау. 
Жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау. 
Жұмыс орны ҚР 
Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 ж. № 232 бұйрығы талаптарына 
сәйкес дайындалады. 
Өлшегіш құралдар, дәрілік заттар ерітуге арналған ыдыстар, босатуға 
арналған құты, араластыру үшін қолданылатын шыны таяқша, 
воронка, 
фильтр 
қағазы, тығындауышы құрал, негізгі және ескерту этикеткалары жұмыстың 
алдында дайындалады. 
Дәрілік заттарды еріту. 
Еріту – ерітінді дайындаудың негізгі сатысы. 
Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттерін білу, бұл сатыны тез жүргізуге 
мүмкіндік береді. Барлық заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ішінде ең 
маңыздысы – олардың судағы немесе басқа еріткіштердегі еру қабілеті. Ол 
заттардың ерігіштігімен сипатталады. Ерігіштік берілген жағдайда қаныққан 
ерітіндінің концентрациясымен анықталады. Жиі ерігіштік 20
0
С температурада 100 
мл еріткіште еритін, граммен берілген еріген заттың мөлшерімен белгіленеді. 
КСРО МФ ХІ басылымының 1- ші томында «Ерігіштік» мақаласы (175-176 беттер) 


157 
келтірілген. Заттың ерігіштігі, 100 г еріткішті қанықтыратын, заттың граммен 
берілген мөлшері. Осы мақалада заттың ерігіштігін белгілеу үшін, шартты (1 
граммға есептегендегі) терминдер қолданылады (9 кесте). 
Кесте 9 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет