Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Бүрмелі фильтр қағазы арқылы фильтрлеу



Pdf көрінісі
бет109/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 Бүрмелі фильтр қағазы арқылы фильтрлеу
а); бүрмелі фильтр; б) фильтр қағазының және воронканың дұрыс 
орналасуы; в) олардың дұрыс емес орналасуы. 
Фильтр мен воронка флаконның мойнына немесе фильтрлеуге арналған 
штативтің сақинасына орналастырылады (сурет 30). 
Сурет 30.
Воронка және штатив арқылы (а), түрлі саптамалар (б, в) 
және вакууммен (г) фильтрлеу. 
Алкалоидтардың, бояғыш заттардың (метилен көгі, этакридин лактаты, 
бриллиант жасылы), пигменттердің (өсімдік шырындары), ферменттердің 
(пепсин) ерітінділерін фильтрлеген кезде дәрілік заттардың едәуір көп 
мөлшері адсорбциялануы байқалады. Жеңіл тотығатын заттардың (калий 


161 
перманганаты, күміс нитраты) ерітінділері клетчатканы тотықсыздандырады, 
сондықтан, оларды шыны фильтр арқылы фильтрлейді. 
Шыны фильтрлер шыны ұнтақтарын балқыту арқылы алынған, кеуекті 
шыны пластиналар, конус немесе цилиндр тәрізді воронкаға орналастырылған 
(сурет 31).
Шыны фильтрлерді қолданған кезде еріген заттардың адсорбциялануы, 
фильтрленетін ерітіндінің жоғалуы төмендейді. Шыны фильтрлер алкалоидтар, 
бояғыш заттар, ферменттер, тотықтырғыш заттар, қорғалған коллоидты 
заттардың ерітінділерін фильтрлеуге қолайлы. Фильтрлер кеуектерінің 
диаметрінің әртүрлілігімен ажыратылады: №1 - кеуегінің өлшемі 90-150 мкм - 
мақта тампонына сәйкес келеді; № 2 - кеуегінің өлшемі 40-90 мкм - борпылдақ 
фильтр қағазына сәйкес келеді; № 3 - кеуегінің өлшемі 20-40 мкм - тығыз фильтр 
қағазына сәйкес келеді; № 4 - кеуегінің өлшемі 10-20 мкм - өте тығыз фильтр 
қағазына сәйкес келеді. 
Іс жүзінде №1 және №2 шыны фильтрлер қолданылады. Сұйықтық олардан 
өздігінен өтеді. №3 және №4 шыны фильтрмен жұмыс істеу вакууммен 
фильтрлеуді қажет етеді. Олар көзге және шаншуға арналған ерітінділерді 
фильтрлеуге қолданылады. 
Сурет 31.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет