3.11 Тұнбалар және қайнатпалар Дәрілік заттардың ең ірі көзі - өсімдіктер болып табылады. Қазіргі кезде
өсімдіктерден жеке түрде табиғи биологиялық белсенді заттар (ББЗ) -
алкалоидтар, витаминдер, сонымен қатар галендік және жаңа галенді
препараттар алынады.
Дәрілік өсімдіктердің және олардан алынатын фитопрепараттардың
синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар.
Олардың құрамында биологиялық белсенді заттардың комплексі болады;
ағзаға жұмсақ әсер етеді; қолданған кезде жанама әсер көрсетуі сирек және
экономикалық тиімді.
Өсімдіктерден препараттарды алу кезінде, экстрактивті заттармен бірге
көптеген балласты заттар да сығындалады. Дәріханада әдетте өсімдік
шикізатынан тек қана сулы сығындылар - қайнатпа мен тұнбалар
дайындалады.
Қайнатпа мен тұнбалар дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен
ex tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар,
себебі күрделі құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жетімсіз
экстрагенттердің қолдануын талап етпейді.
КСРО МФ ХІ басылымында өсімдік шикізатынан сулы сығындылар
дайындау, сапасын бағалау және оларға сипаттама берілген, құрғақ және
сұйық
экстракт-концентраттардан
сулы
ерітінділер
дайындау
регламенттелген.
Сулы сығындылар өте ерте кезден белгілі. Қазіргі кезде бұл дәрілік түр
экстемпоральды рецептураның 10-15% құрайды. Оның көне дәрілік түр
екендігіне қарамастан, сулы сығындылар қазіргі кезге дейін өзінің
маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Алу жолына және шикізат құрамына
байланысты сулы сығындылар келесі топтарға бөлінеді: тұнбалар (Іnfusa),
қайнатпалар (Decocta), шырыштар – (Mucіlagіnіs).
Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен,
жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар
өсімдіктердің
қабығынан,
тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Шырыштар -
жалбызтікен тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп түйінінен алынады.