Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет211/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
Рецептіде 
тұнба 
жазылған, 
бірақ 
қайнатпа 
дайындалады, себебі аюқұлақ жапырағы қабықты, тығыз және 15 минут 
ішінде әсер етуші заттар толық сығындыланбайды. 10,0 г шикізатқа 214 мл 
су қосып, 30 минут су моншасында тұндырып, шикізатты сығады. Өлшегіш 
ыдысқа сүзіп, сумен 200 мл дейін жеткізеді. Тығындап, босатуға 
безендіреді. 
Құрамында сапониндері бар шикізаттар 
Истод тамырлары (истод)

 Radіces Polygalae; 
Синега тамырлары (синега)

 Radіces Senegae;
Көк көкшегүл тамырлары мен
тамыр сабақтары (синюха)
– 
Rhіzomata cum Radіcіbus Polemonіі 
Сапониндер дигиталис жапырағында қосалқы зат ретінде, ал жоғарыда 
аталған өсімдік шикізаттарында әсер етуші зат ретінде алынады. 
Құрамында сапониндері бар шикізаттардан тек қайнатпа дайындалады. 
Әдебиеттерге сүйенсек, сапониндердің толық сығындалуы әлсіз сілтілі 
ортада 
жүреді. 
Сондықтан, 
жазылымда 
аз 
мөлшерде 
натрий 
гидрокарбонаты жазылса ( 1,0 г NаНСО
3
- 10,0 г шикізат), оны тұндыру 
алдында қосқан жөн. 
Құрамында антрагликозидтері бар шикізаттар 
Рауғаш тамырлары (ревень)

 Radіces Rheі 
Сынғақ итшомырттың қабығы (крушина) 
– 
Cortex Frangulae 


279 
Сенна жапырақтары (сенна)
– 
Folіa Sennae cassіae 
 
Рауғаш тамыры. 
Құрамында антрагликозидтермен қатар илік заттары 
бар. Негізгі әсер етуші заттары – антрацен туындылары эмодин, 
хризофанол және т.б. Ішектің энтерорецепторларын тітіркендіреді және тоқ 
ішектің перистальтикасын күшейтеді. КСРО МФ Х басылымында рауғаш 
тамырынан қайнатпа дайындау жөнінде нұсқау жоқ, ал КСРО МФ ІХ 
басылымы бойынша жанама әсер көрсететін таннидтер тұнбаға түспеуі 
үшін, сығындыны суытпай бірден сүзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет