Биология және Биохимия пәндер кафедрасы Презентация Тақырыбы: Қалыпты несептің құрам бөліктері Қабылдаған:Жиенбаева А.А.
Орындаған:Әлдеке А.О.
Тобы:ВМ-МҚА-08-23
Шымкент 2024
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
2.1.Несеп құрам бөліктері.
2.2.Несеп ақуызсыз азотты заттары.
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қалыпты жағдайда Несептің түсі ақшыл сары, мөлдір болады. Меншікті салм. 1,001 – 1,040 аралығында болады және ол Несептің құрамындағы тығыз заттарға байланысты. Ересек адам организмінде тәулігіне 1000 – 1800 мл Несеп түзіледі. Несептің физикалық-химиялық құрамы сыртқы орта факторларына (ауа температурасы, ылғалдылығы, физ. белсенділік, сұйықтық ішу және тамақтану тәртібі) байланысты болады. Тағамда ақуыз көп болса, Несеп қышқылды, өсімдік тектес тағам көп болса – әлсіз сілтілі болады; Несептегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы әр түрлі несеп тас ауруларына шалдықтырады.
Зәрдің органикалық құрам бөліктері: мочевина (20-35 г); кетон денелер (<3г); амин қышқылы (1-3г); креатинин (1-1,5); зәр қышқылы (063-4,99): глюкоза (< 0,16 г); белок (< 0,15 г);гиппур қышқылы (0,15 г); креатин (0,05-0,1 г);
Бейорганикалық құрам бөліктері: катиондар (К+, Na+, Ca2+, Mg2+, NH4+); аниондар (СГ, SO42- НРО42); басқа иондар аз мөлшерде кездеседі.Зәрдің құрамында белоктардың ыдырау өнімдерінің қалдық азотты заттары мочевина, зәр қышқылы, гиппур қышқылы, креатинит, ксантин, уробилин, индикан, сонымен қатар тұздар- хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар кездеседі.
Зәрдің құрам бөліктері Мочевина- орта есеппен бір тәулікте зәр арқылы 30г бөлінеді, оның мөлшерінің артуы: белокқа бай тағам пайдаланғанда, тіндегі белок ыдырауын күшейтетін аурулар кезінде (рак, гипертиреоз, диабет т.б.), кейбір гормондарды қолданғанда байқалады.
Креатинин белок алмасуының соңғы өнімі. Креатинин бұлшық етте креатинфосфаттан түзіледі.
Креатин - дені сау ересек адамдардың зарынде болмауы қажет.Нәрестелерде 1 жасқа дейін физиологиялық креатинурия байқалады, себебі, бұлшық еттерінің жетілуі кешігуіне байланысты.Қарт адамдарда креатинурия бұлшық ет атрофиясымен байқалады.
Амин қышқылдары қалыпты жағдайды бір тәулікте 1,1 амин қышқылы бөлінеді. Көбінесе глицин, гистидин, глутамин, аланин, серин амин қышқылы зәр арқылы шығарылады.
Амин қышқылдары қалыпты жағдайды бір тәулікте 1,1 амин қышқылы бөлінеді. Көбінесе глицин, гистидин, глутамин, аланин, серин амин қышқылы зәр арқылы шығарылады.
Зәр қышқылы пуриндік негіздердің соңғы өнімі. Қалыпты жағдайда, құрамында нуклеопротеиндер көп болатын тағамды пайдаланғанда, зәр қышқылының мөлшері жоғарылаған болса, және лейкемия, полицитемия, гепатит, әсіресе подагра сияқты патологиялық жағдайларында зәр қышқылының мөлшері артады.
Азотсыз органикалық заттар сүт қышқылы, қымыздық, лимон, май, валериан, янтарь қышқылдары зәрмен өте аз мөлшерде бөлінеді, ал олардың зәр құрамында көбеюі, патологияның пайда болғанын білдіреді, мысалы, зәр құрамында сүт қышқылының артуы, анаэробты гликолиздің күшеюін білдірсе, ал цитрат және сукцинаттың көбеюі алкалоздың орын алғанын байқатады.
Қорытынды
Несептің физикалық-химиялық құрамының өзгеруі жалпы организмде, атап айтқанда, кейбір органдар қызметінің бұзылғандығын көрсетеді. Мысалы, Несепте ақуыздың болуы адамның бүйрек қабынуына ( Нефрит), қуық қабынуына ( Цистит), қанттың көп болуы – диабет ауруларына шалдыққандығын білдіреді.