Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет247/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Жағармайларға дәрілік түр ретінде сипаттама беріңіздер? 
2.
Жағармайлар қалай жіктеледі? 
3.
МФ Х басылымы бойынша жағармайларға қандай талаптар қойылады? 
4.
Жағармайларды дайындау үшін қолданылатын негіздерге сипаттама 
беріңіздер? 
5.
Жағармайларды дайындау үшін қолданылатын негіздерге қойылатын 
талаптар. 
6.
Гидрофобты негіздерге толық сипаттама беріңіздер. Олардың қандай 
артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 
7.
Гидрофильді негіздер және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
8.
Липофильді-гидрофильді негіздер дегеніміз не және олардың қандай 
қасиеттері бар? 
9.
Гомогенді жағармайлар қалай бөлінеді? Сипаттама беріңіздер. 
10.
Гетерогенді жағармайлар қалай бөлінеді? Сипаттама беріңіздер. 
11. Жағармайларға дәрілік заттарды енгізудің қандай жолдарын білесіздер? 
 
 
4.2 Линименттер. Lіnіmenta 
Линименттер жағармайлардың бір түрі - сұйық жағармайлар. Линимент 
(латын сөзі lіnіre - сүрту) немесе сұйық жағармай - теріге сүрту жолымен сыртқа 
қолданылатын, дене температурасында балқитын қою сұйықтық немесе гель 
тәрізді дәрілік түр. Линименттердің осы ерекше қасиеті оларды 
жағармайлардан және сыртқа қолданылатын сұйық дәрілік түрлерден 
(тамшылар, жууға арналған, басуға арналған ерітінділер) ажыратады. 
Линименттер сұйық дәрілік түрлер мен жұмсақ дәрілік түрлердің арасынан 
орын алады: қолданылған көмекші заттар, қолданылуы бойынша жұмсақ дәрілік 
түрлерге, дайындау технологиясына байланысты оларды сұйық дәрілік түрлерге 
жақындастырады.
Линиментер официналды дәрілік түр. МФ Х басылымына жалпы мақала 
енгізілген (395 бет, 376 мақала). Дисперстік жіктелу бойынша линиментер 
сұйық немесе пластикалық дисперстік ортасы бар еркін дисперстік жүйе. 
Құрамы (бір немесе бірнеше дәрілік заттар және негіз), қолдану тәсілі, 
технологиялық сатыларының ортақтастығына байланысты жағармайлар мен 
линиментерді бір дәрілік түр - жағармайларға - жатқызу әбден негізді және 
заңды. Сонда да линиментер, сұйық жағармайлар ретінде, өз ерекшеліктерімен 
сипатталады. Негіз ретінде линиментерде өсімдік майлары (күнбағыс, шабдалы, 
майсана), бадам, вазелин майы, балық майы, эсилон және басқалар 
қолданылады. 
Линиментерде жиі қолданылатын майлар (мендуана, камфора және 
терпентин) екі роль атқарады - терапевтік белсенді зат және негіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет