Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет243/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы
Фарфор табақшаға 3,0 г желатинді салып, 7 мл тазартылған 
су құйып, 45-60 минут ісінуге қалдырады. Уақыт өткен соң 4,0 глицерин қосып, 
су моншасында ерігенше қыздырады. Келіге 2,0 г мырыш тотығы, оған дайын 
негізден шамамен 1,0 қосып, дисперсиялайды, бөлшектеп қалған массаны қосып 
біртекті масса алынғанша араластырады. Біртектілігін тексеріп, банкаға салып
тығындап безендіреді. «Сырт тәнге», «Балалардан сақта», «Салқын жерде сақта» 
этикеткаларымен безендіреді. 
Официналды жағармайлар: ксероформ жағармайы (МФ Х 735 мақала), 
сынаптың ақ жағармайы (МФ Х 338 мақала), стрептоцид жағармайы (МФ Х 729 
мақала), мырыш жағармайы (МФ Х 737 мақала), қарапайым күкірт жағармайы 
(МФ Х 730 мақала).
в) Қатты фазасы 25% жоғары суспензиялық жағармайлар паста деп аталады. 
Пасталар өте тұтқыр, қиын жағылады, оны жиі дәкеге жағу арқылы зақымдалған 
теріге жағып таңады. Пасталарды дайындаған кезде дәрілік заттардың жоғары 
дисперстілігін және біркелкілігін қамтамасыз ету үшін, дәрілік заттарды жылы 
келіде күрделі ұнтақтар дайындау ережесі бойынша араластырып, балқытылған 
(негіз толығымен фарфор табақшада балқытылады) негіздің бір бөлігімен (қатты 
фазаның 1/2 мөлшерде) ысқылайды, содан соң балқытылған негіздің қалған 
мөлшерін бөлшектеп қосып, біртекті масса алынғанша толық суығанша 
араластырады. Суыған кезде бірден орта тұтқырлығы артып, қатты фазаның 
тұнуы және бөлшектердің бір-біріне жабысуы төмендейді. 
 
Rp.: Zіncі oxydі 3,0

Amylі 2,0
Vaselіnі 
10,0

 

Mіsce fіat unquentum

Da. Sіgna.
Мырыш пастасы


314 
Жазылымда дәрілік заттар негізде ерімейді. Суспензиялық жағармай 
түзіледі. Дәрілік заттың пайыздық мөлшері анықталады. 
Есептеу: 
m
ж 
= 3,0+2,0+10,0 = 15,0 
5 – 15,0 
х – 100 х = 33% > 25% қатты фазаның мөлшері 33%, яғни жазылымда паста 
берілген 
БП 
Zіncі oxydі 3,0
Amylі 2,0
Vaselіnі 10,0
m
ж 
= 15,0 
Технологиясы
: Буландырғыш табақшада су моншасында вазелинді толық 
балқытады. Қыздырылған келіге 3,0 мырыш тотығын майдалап, 2,0 крахмал 
қосып, араластырады. Оған 2,5 г балқытылған вазелин қосып мұқият 
араластырады, бөлшектеп қалған балқытылған вазелинді қосады, суығанша 
араластырады. Құтыға ауыстырып салып тығындап, безендіреді. Негізгі этикетка 
«Сырт тәнге», ескерту этикеткалары – «Балалардан сақта», «Салқын жерде 
сақта». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет