Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет274/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Артықшылықтары: 
-
пилюлялық массада физика-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттарды 
біріктіруге болады; 
-
пилюля түрінде дәрілік заттардың жағымсыз иісі мен дәмін жасыруға болады; 
-
пилюлялар қолдануға ыңғайлы: домалақ және ауыз қуысында 
шырыштанады; 


349 
-
дәрілік заттардың дозалануы дәл; 
-
тасымалдауға ыңғайлы; 
-
кейбір дәрілік препараттар үшін, мысалы йод үшін пилюля қолайлы дәрілік 
түр болып табылады; 
-
қажет болған жағдайда пилюляны әсері ұзартылған дәрілік түр ретінде де 
қолдануға болады. 
Кемшіліктері: 
-
асқазан ішек-трактісінде баяу ыдырайды; 
-
балалар іс-тәжірибесінде қолдану қолайсыз; 
-
сақтағанда тұрақсыз, кеуіп кетеді, микробиологиялық бұзылуға ұшырайды; 
-
технологиясы қиын. 
Пилюля құрамы бойынша - күрделі, дисперсологиялық жіктелу бойынша 
байланыс - дисперсті жүйеге жатады. Пилюлялар дәрілік зат пен көмекші 
заттардан тұрады. Көмекші заттарды пилюлялық массаға белгілі бір қасиет 
беру үшін, атап айтқанда пластикалық, байланыстырғыш, пилюляларды кеуіп 
кетуден сақтау мақсатында қосады. 
Пилюлялық массаға қойылатын талаптар: 
1.
Пилюлялық масса пластикалық болуы керек. Пилюлялық массаның 
пластикалылығы - оның сәйкес формаға оңай айналуын, серіппеге, содан 
соң шарикке оңай ауысу қасиеті. Жеткілікті мөлшерде тығыз болуы керек. 
2.
Асқазан немесе ішек сөлінде ыдырайтын қабілеті болуы керек. 
Пилюляларға қойылатын талаптардың орындалуы көмекші заттарды 
дұрыс таңдаумен түсіндіріледі. 
Көмекші заттар пилюляларға тиісті салмақ, қасиет және көлем беруге 
қолданылады. Көмекші заттар дәрілік заттармен химиялық әрекеттеспеуі, 
олардың емдік әсерін өзгертпеуі, пилюлялардың ағзада ыдырауына кедергі 
келтірмеуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет