Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет277/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Өсімдік ұнтақтары.
Өсімдік ұнтақтары аз еритін гидрофильді аз ісінетін 
жоғары молекулалы заттан – клетчаткадан тұрады. Сонымен бірге олардың 
құрамына еритін заттар: қант, шырыш, ақуыз, пектин және басқалар, сумен 
сығындалған кезде пилюлялық массаның жабысқақтығын арттыртатын, 
кіреді. 
Мия тамырының, бақ - бақтың және ащы жусанның ұнтақтары әрқашан 
экстрактыларына сай қолданылады.
Итмұрын және басқа да пектинге бай өсімдік ұнтақтары. Итмұрын 
жемісінде пектинді заттар көп болады, олар суда ісініп, пилюлялық масса 
құрамына кіретін ингредиенттерді байланыстырады. 
Бидай ұны.
Ісіну қабілеті жоғары, кілегей түзеді. Өңделуі қиын 
пилюлялық массадан тығыздығы жоғары пилюля дайындуға мүмкіндік береді. 
Крахмал
(картоп крахмалы, бидай крахмалы). Көбінесе экстрактылардан 
және тұтқырлығы жоғары сұйықтықтардан пилюля дайындау үшін 
қолданылады. Массаға қатты фаза ретінде енеді. Крахмалды глюкозамен және 


352 
қызылша қантымен біріктіріп қолданған жөн. Дене температурасында крахмал 
едәуір ісінетіндіктен, пилюля оңай ыдырайды. 
Балшықты минералдар
(бентонит, ақ балшық). Сұйықты сіңіру қасиеті 
бар (су, май және т.б.). Массаға кептіргіш қасиет береді, кепкен соң 
пилюлялардың қатты болуын қамтамасыз етеді. Органикалық заттар қатысында 
жеңіл ыдырайтын заттардан пилюляларды дайындағанда, көмекші зат ретінде 
қолданылады. 
Алюминий тотығы гидраты.
Пилюля құрамына күміс нитраты, калий 
перманганаты тәрізді заттар енгенде қолданылатын бағалы көмекші зат. 
Дәрігер жазылымда көрсетпеген жағдайларда, көмекші заттарды таңдау, 
фармацевтке жүктеледі. Оларды дәрілік заттардың қасиетіне мөлшеріне 
байланысты таңдайды. 
Дәрілік заттарды үш топқа бөлуге болады: Бірінші топқа - лиофильді 
немесе лиофобты құрғақ ұнтақтардың қоспасы жатады. Олар ылғалданған кезде 
пластикалық емес: күміс нитраты, калий перманганаты, алкалоид тұздары, темір 
тұздары, йод, калий йодиді, фенобарбитал және т.б. 
Екінші топқа - ылғалданған кезде тұтқыр немесе серпімді қасиетке ие 
болатын, 
лиофильді 
ұнтақтар 
қоспасы 
жатады. 
Оларға 
кальций 
глицерофосфаты, пилюлялық массаға дәрілік зат ретінде енгізілетін өсімдік 
ұнтақтары мен экстрактылары. 
Үшінші топқа - лиофобты сұйықтықтар, эвтектикалық қоспалар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет