Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Қазіргі кезде плазма алмастырғыштарды 6 топқа бөлетін жіктелу



Pdf көрінісі
бет326/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Қазіргі кезде плазма алмастырғыштарды 6 топқа бөлетін жіктелу 
ұсынылған:
1)
Су-тұз және қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті реттеуші ерітінділер (натрий 
хлоридінің изотонды ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер-Локк, лактасоль, 
ацесоль, дисоль, трисоль, хлосоль, квартасоль және т.б.). 
2)
Гемодинамикалық 
ерітінділерге 
(есеңгіреуге 
(шокқа) 
қарсы 
қан 
алмастырғыштар, полиглюкин, реополиглюкин, желатиноль, декстран). 
Пайда болуы әртүрлі есеңгіреулерді емдеу және бұзылған гемодинамиканы, 
соның ішінде микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін белгілейді. 
3)
Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар (гемодез, полидез). Этиологиясы 
әртүрлі улануларда токсиндерді шығаруға ықпал етеді. 
4)
Парентеральды қоректендіруге арналған препараттар (гидролизин, 
аминопептид, полиамин). Мүшелер мен ұлпаларға қоректік заттарды жеткізу 
үшін, ағзаны энергетикалық қормен қамтамасыз етеді.
5)
Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар. Қанның тыныс алу 
функциясын қалпына келтіруге арналған. 


418 
6)
Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар. Құрамына плазма алмастырғыш 
ерітінділердің бірнеше топтары кіретін, кең спектрлі ерітінділер. 
Дәріхана жағдайында бірінші топқа жататын тұзды қан алмастырғыш 
ерітінділер дайындалады. 
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі 
Rp.: Solutіonіs Natrіі chlorіdі іsotonіcae 1000 ml 
Sterіlіsetur! 
D.S.
Шаншуға 
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі 0,9 %, есептеулер жүргізу керек 
0,9 - 100 
х - 1000 х = 9,0 
БП
Aquае pro іnjectіonіbus 1000 ml 
Natrіі chlorіdі 9,0
V
ж 
= 1000 ml 
Технологиясы:
Натрий хлоридін алдын-ала пирогендік заттарды жою 
үшін стерилизаторда 180 
0
С 2 сағат қыздырып алады да, сонан соң апирогенді 
суда ерітеді. Ерітіндіні фильтрлеп, флакондарға құйып, тығындайды да бу 
стерилизаторында 120 
0
С температурада 15 мин стерильдейді. 
Натрий хлориді ерітіндісі түссіз, мөлдір, рН мәні 5,0-7,0, тұзды дәмі бар 
сұйықтық. Ерітінді стерильді, апирогенді. Сақталу мерзімі 1 ай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет