419
2.
Натрий гидрокарбонатының потенциалды тұрақсыздығына байланысты оны
ерітуді мүмкіндігінше төмен температурада (15-20
0
С), қатты шайқамай
ерітіп және процесті жабық құтыда жүргізген жөн.
3.
Натрий гидрокарбонатының ерітіндісін фильтрлегеннен соң бейтарап
шынылы флакондарға құйып, резина тығындармен герметикалы тығындап,
сыртын металл қалпақшалармен бекітеді. Сонан соң ерітіндіні қаныққан
бумен 120
0
С 8-15 минут стерильденетін сұйықтықтың көлеміне байланысты
стерильдейді.
4.
Стерильдеу кезінде көмір қышқылының бөлінуіне байланысты флакондар
жарылмауы үшін, оларды ерітіндімен 80% көлемде толтыру керек.
Стерильдеу кезінде төмендегідей реакция жүреді:
2 NaHCO
3
Na
2
CO
3
+ H
2
O + CO
2
5.
Стерилизациялық камерада қысым нөлге жеткенде, стерилизаторды 20-30
минут демалдыру қажет.
6.
Ерітіндіні толық салқындаған соң, яғни 2 сағаттан соң, ерітінді үстіндегі
көмір қышқылын еріту үшін бірнеше рет құтыны араластырып қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: