Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет349/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы.
Стерильді келіге кептіргіш шкафта алдын-ала 
стерильденген 10,0 г сульфадимезинді ұнтақтап капсулаға төгеді, келіде 
шамамен 0,1 г қалдырып, содан кейін келіге 0,065 г бензилпенициллин 
натрий тұзын салып ұқыптап араластырып, бөлшектеп капсулаға төгілген 
сульфадимезинді қосады. Біртекті ұнтақ алынғанша араластырады. Сеппені 
герметикалық жабылатын стерильді шыны құтыға босатады. Дайын дәрілік 
түрді ҚР ДС ӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы талабына 
сәйкес безендіреді. 
Rp.:
Laevomycetіnі 0,25 
Erythromycіnі 0,2 
Norsulfazolі ana 2,5 
Streptіcіdі ana 2,5 
Dіmedrolі 
Ephedrіnі hydrochlorіdі ana 0,05 
Mіsce. Da. Sіgna. Мұрынға үрлеуге 3 рет 


443 
Есептеу: 
m
ж
= 0,25 + 0,2 + 2,5 + 2,5 +0,05 + 0,05 = 5,55 
Рецептіде күрделі, дозаланбаған, сырт тәнге қолданылатын, құрамында 
антибиотиктер кіретін ұнтақ берілген. Эфедрин гидрохлориді күшті әсер 
ететін зат. Дәрілік түр сыртқа қолданылатын болған соң күшті әсер ететін 
дәрілік заттардың дозалары тексерілмейді. ҚР ДСМ 9.03.1998 ж. № 186 «ҚР 
есірткі құралдарды, психотропты заттарды және прекурсорларды бақылау 
туралы» Үкімет қаулысына сәйкес эфедрин гидрохлориді прекурсорлар 
тізіміне жатады. 
БП 
Streptocіdі 2,5 
Ephedrіnі hydrochlorіdі 0,05 
Dіmedrolі 0,05 
Erythromycіnі 0,2 
Laevomycetіnі 0,25 
Norsulfazolі 2,5 
m
ж
= 5,55
Технологиясы.
Асептикалық жағдайда стерильді келіге 2,5 г 
стрептоцидті салып ұнтақтайды. Капсулаға төгіп, келіге 0,05 г эфедрин 
гидрохлоридін және 0,05 димедролды, содан соң «алтын ережеге сай» 0,2 г 
эритромицинді және 0,25 левомицетинді ұнтақтайды, соңында 2,5 г 
норсульфазолды қосып ұнтақтайды, капсуладағы стерптоцидті қосып 
біркелкі ұнтақ болғанша араластырады. Дайындалған ұнтақты стерильді 
кең мойынды бұранда қақпағы бар құтыға салып, сүргілейді, негізгі 
этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткаларымен «Асептикалық жағдайда 
дайындалған», «Салқын жерде сақталсын» безендіріледі. Рецепт дәріханада 
есеп үшін қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі. 
Ескертпе: Жоғарғы температураға төзімді ұнтақтар алдын-ала 
кептіргіш шкафта 180-200 
0
С стерильденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет