Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет347/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Технологиясы:
Асептикалық жағдайда стерильді қосымша ыдысқа
150 мл шаншуға арналған суды өлшеп құйып, онда 1,35 г натрий 
хлоридін ерітеді, фильтрлейді. Тығындап, 120
о
С 12 минут стерильдейді
салқындатып, асептикалық жағдайда 0,13 бензилпенициллин натрийді 
ерітеді. Тығындап, ҚР ДС ӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы 
талабына сәйкес безендіреді.
Бензилпенициллинмен көзге арналған тамшылары да асептикалық 
жағдайда натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде дайындалады. 
Rp.:
Benzylpenіcіllіnі natrіі 100 000 ED 
Solutіonіs Natrіі chlorіdі 0,9 % - 10 ml 
Mіsce. Da. Sіgna.
2 тамшыдан 3 рет екі көзге 
Есептеу: 
1000 000 ӘБ - 0,65 
100 000 – х
х=0,065 

0,06 бензилпенициллин натрий тұзы 
0,9 – 100
х – 10
х = 0,09 натрий хлориді 
Көзге арналған тамшы қос цилиндрлік әдіспен дайындалады 
БП 
Aguae pro іnjectіonіbus 5 ml 
Natrіі chlorіdі 0,09 
Aguae pro іnjectіonіbus 5 ml 
Benzylpenіcіllіnі natrіі 0,06 
V
ж
= 10 ml 
 
Технологиясы:
Асептикалық жағдайда қосымша ыдысқа 5 мл 
шаншуға арналған суда 0,09 г натрий хлоридін ерітіп, босататын құтыға 
сүзеді де қалған 5 мл суды сол фильтр арқылы өткізеді. Флаконды 
тығындап, стерильдейді. Салқындатып, онда 0,06 бензилпенициллин 
натрийді ерітеді. Флаконды тығындап, босатуға ҚР ДС ӘД министрінің 
16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы талабына сәйкес безендіреді. 
Бензилпенициллинмен және де басқа антибиотиктермен жағар майлар 
көз іс-тәжірибесінде және дерматологияда қолданылады. Пенициллин 
жағар майына ФС 42-84-72 бекітілген. 
Құрамы: Бензилпенициллин натрий тұзы 0,65 
Сусыз ланолин 20,0 
Медициналық вазелин 100,0 дейін. 
Егер рецептіде негіз көрсетілмесе, сусыз ланолин мен вазелиннің көз 
жағар майына арналған (4:6) қоспасы қолданылады.
Дәріхана жағдайында бензилпенициллин тұздарын негізге суспензия 
түрінде енгізеді, себебі антибиотиктің сулы ерітінділері тұрақсыз. 


441 
Rp.:
Benzylpenіcіllіnі kalіі 100000 ЕD 
Basіs unguentі 10,0 
M.D.S. 
Көз жағар майы 
Есептеу: 
1000000 – 0,65
100000 – х
х = 0,065

0,06 бензилпенициллин натрий 
Антибиотикті негізге суспензия түрінде енгізеді және суспензиялық 
жағар май ережелеріне сай құрғақ заттың мөлшері 5% дейін болған 
жағдайда, оны негізге сәйкес сұйықтықпен ысқылап, қосады. Жазылым 
бойынша негіз көмірсутекті, сондықтан дәрілік затты вазелин майымен 
ысқылайды. 
Вазелин майын Дерягин ережесіне сай құрғақ заттың жартысындай 
мөлшерде алады (0,06:2=0,03г). 
0,03 вазелин майын тамшыға айналдырады: 
1г – 51 т
0,03 – х 
х = 1,5 тамшы

2 т.
БП 
Benzylpenіcіllіnі kalіі 0,06 
Oleі Vaselіnі guttas ІІ 
Basіs unguentі 10,0 
M
ж
= 10,06 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет