Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Дәрілік түрлерді қолдану тәсілі бойынша жіктеуді



Pdf көрінісі
бет38/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Дәрілік түрлерді қолдану тәсілі бойынша жіктеуді 
В.А.Тихомиров 
ұсынған. Бұл жіктелу дәрілік түрлерге дайындау процесінде орындалуы тиіс 
бірнеше талаптар қояды (араласу біркелкілігі, стерилдігі, мөлдірлігі, дозалану 
дәлдігі және т.б.).


72 
Барлық дәрілік түрлерді енгізу жолына байланысты үлкен екі топқа бөледі: 
энтеральді (ас қорыту трактысы арқылы) және парентеральді (ас қорыту 
трактысынан өтпей).
Дәрілік түрлердің энтеральді 
түріне келесі жолдар жатады: ауыз қуысы 
арқылы, тіл астына, тік ішек арқылы. Ең кең тараған тәсілдің бірі – 
пероральді 
(лат. per – арқылы, os, orіs – ауыз), ауыз қуысы арқылы (per os). Бұл ең 
қарапайым және қолайлы енгізу жолы. Ауыз қуысы арқылы қабылданған 
дәрілік құралдар ащы ішекте салыстырмалы түрде баяу сіңіріледі. Ол ішектің 
кілегей қабықшасының функционалдық жағдайына, ортаның рН мәніне 
байланысты болады. Кейбір заттар үшін пероральді енгізу жолы тиімсіз, себебі, 
заттар ішек ферменттері немесе асқазанның қышқыл ортасының әсерінен 
бұзылуы мүмкін (панкреатин, инсулин). Сонымен бірге, осы тәсілмен енгізілген 
кезде дәрілік заттар қанда 30 минуттан соң ғана пайда болады, сондықтан, бұл 
енгізу жолы тез емдік көмек көрсету үшін қолданылмайды. Пероральді жолдың 
модификациясы – жергілікті және жалпы әсер көрсету мақсатында 
қолданылатын енгізудің
сублингвальді
(тіл астына) түрі болып табылады. 
Дәрілік құралдар ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез сіңіріліп, асқазан-
ішек трактысы және бауыр барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне 
түседі. Сублингвальді түрде белсенділігі жоғары дәрілік құралдарды белгілейді: 
жыныс гормондары, валидол, нитроглицерин. 
Ректальді 
(лат. rectus – тіке) – жергілікті және жалпы әсер көрсету үшін тік 
ішекке енгізу арқылы қолданылатын енгізу жолы. Енгізудің ректальді жолын 
балалар тәжірибесінде, ес-түссіз жағдайдағы аурулар үшін, гериатрияда қолдану 
қолайлы.
Дәрілік заттардың сіңірілуі 7-10 минуттан соң төменгі және орта 
геморроидальды күре тамырлар, асқазан асты күре тамыры, төменгі қуысты 
күре тамырлар арқылы жүреді. Бұл кезде дәрілік заттар, бауырға соқпай, жалпы 
қан айналымына түседі. Дәрілік құралдар ас қорыту трактысының ферменттері 
әсеріне ұшырамайды. Сондықтан улы, есірткі заттар дозасын міндетті түрде 
тексеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет