Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет41/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

І. Еркін-дисперсті жүйелер. 
Бұл жүйелер дисперстік фаза бөлшектерінің 
арасында өзара әрекеттесудің болмайтындығымен сипатталады. Осыған 
байланысты олар жылу қозғалысы немесе ауырлық күші әсерінен бір-бірімен 
еркін қозғала, ауыса алады. Бұл құрылысы жоқ жүйелер. Дисперстік фаза 
бөлшектері біртұтас бір-бірімен байланыспаған. Мұндай жүйелердің аққыштық 
және басқа барлық сұйықтықтарға тән қасиеттері болады. Бұл жүйелердің 
дисперстік деп аталу себебі, дисперстік фаза үш өлшем бойынша ұнтақталған: 
ұзындығы, ені және қалыңдығы. Дисперстік ортаның болуына немесе 
болмауына және оның агрегаттық жағдайына байланысты жүйелерді бірнеше 
топтарға бөледі. 
1. Дисперстік ортасы жоқ жүйелер. 
Берілген жағдайда қатты зат 
бөлшектері тасымалдағыш массасында таралмаған, демек, дисперстік ортасы 
жоқ (ол дәрілік түр дайындау процесінде енгізілмейді). Бұл жүйелер дисперстігі 
бойынша ірі дисперсті (жинақтар) және майда дисперсті (ұнтақтар) болып 
бөлінеді. Оларды механикалық майдалау және араластыру жолымен алады. 
Негізгі қасиеттері: меншікті бетінің жоғары болуы, бос беттік энергияның 
сәйкес қорының болуы, адсорбциялық қасиеттерінің жоғары болуы, ауырлық 
күшінің әсеріне тәуелді болуы. 
2. Дисперстік ортасы сұйық жүйелер. 
Бұл топ барлық сұйық дәрілік 
түрлерді қамтиды. Фаза дисперстігі және дисперстік ортамен байланысының 
сипаты бойынша бұл жүйелер келесі топтарға бөлінеді: 
а) ерітінділер – дисперстік фазасы максимальды ұнтақталған (иондық және 
молекулалық – 1-2 нм), еріткішпен сольватты комплекстер түзу арқылы 
байланысқан және фаза-аралық бөлінуі жоқ гомогенді жүйелер; 
б) коллоидты ерітінділер (майдаланудың мицеллярлы дәрежесі). 
Бөлшектерінің өлшемдері 100 мкм-ден аспайтын, фаза-аралық бөлінуі бар 
ультрамикрогетерогенді жүйелер. 
в) суспензиялар (қоспалар) – дисперстік фазасы қатты, дисперстік ортасы 
сұйық фаза-аралық бөлінуі қарусыз көзбен байқалатын, бөлшектерінің мөлшері 
0,2-100 мкм-ден аспайтын микрогетерогенді жүйелер.
 


75 
г) эмульсиялар – бір-бірінде ерімейтін, немесе аз еритін өзара араласпайтын 
екі сұйықтықтан тұратын дисперстік жүйелер. Сұйық фаза тамшысының 
өлшемдері 20 мкм-ден аспайды. 
д) аралас немесе күрделі жүйелер. 
Технологиялық процестер мәні: еріту, пептизациялау, суспензиялау, 
эмульсиялауға тіреледі. Бұл топқа микстуралар, ішуге және сыртқа қолдануға 
арналған тамшылар, шаюға, басуға арналған ерітінділер (дәрілі дымқыл дәке), 
сулы, спиртті және т.б. сығындылар жатады. 
Бұл топ ішіндегі негізгі орынды шаншуға арналған дәрілік түрлер алады 
(ерітінділер, коллоидтар, суспензиялар, эмульсиялар). Оларды жеке топқа бөлу – 
қолдану тәсілінің ерекшелігіне, стерильдеу және асептикалық дайындау 
жағдайларының қажеттілігіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет