77
байланысты-
дисперсті
жүйелер
тығыз денелер сабындар негізінде алынған
глицеринді суппозиторийлер
Қорыта айтқанда, дисперстік жіктелу басқа жіктелу түрлерімен
салыстырғанда маңыздырақ деп айтуға болады. Емдеу тиімділігі дәрілік түрге
тікелей байланысты болғандықтан, оған келесі жалпы талаптар қойылады:
1)
емдік белгіленуіне сәйкестігі, дәрілік түрдегі дәрілік құралдың
биологиялық тиімділігі және сәйкес фармакокинетикасы;
2)
қосымша ингредиенттер массасында дәрілік құралдардың біркелкі таралуы,
дәл дозалануы;
3)
сақтау кезінде тұрақтылығы;
4)
микробтық контаминация нормаларына сәйкестігі;
5)
қабылдау үшін қолайлы болуы, жағымсыз дәмін корригирлеу мүмкіндігінің
болуы;
6)
ықшамдылығы;
7)
жергілікті ресурстардың болуы.
Сонымен қатар әр дәрілік түрге арнайы, жеке талаптар қойылады. Ол
талаптар Мемлекеттік Фармакопеяда немесе басқа нормативтік құжаттарда
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: