Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Әсерді ұзартушы заттар (пролонгаторлар)



Pdf көрінісі
бет54/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Әсерді ұзартушы заттар (пролонгаторлар). 
Дәрілік құралдардың адам 
ағзасында болу уақытын ұзартатын қосымша заттарды пролонгаторлар деп 
атайды. Әсері ұзартылған дәрілік құралдар – бұл әсер ұзақтығының 
жоғарылауын қамтамасыз ететін арнайы дәрілік түрдегі дәрілік құралдар. 
Әсері ұзартылған дәрілік препараттарды жасау үшін химиялық, 
физиологиялық және технологиялық әдістерді қолдануға болады. Химиялық 
әдіске күрделі эфирлердің қиын еритін тұздарын синтездеу жатады. Әсерді 
ұзартудың физиологиялық әдісі ағзаға әртүрлі факторлармен (көбінесе, 
заттармен) әсер етуге негізделген. Технологиялық әдістерге: дисперстік орта 
тұтқырлығын жоғарылату, физика-химиялық немесе химиялық (ковалентті 
немесе ионды) байланыстар есебінен дәрілік және қосымша заттар 
қосылыстарын жасау, дәрілік заттарды пленка қабықшаларымен қаптау, 
еритін дәрілік заттарды суспензиялау, басқа дәрілік түрлерді жасау жатады. 
Экстемпоральды дайындалатын дәрілік препараттар үшін әсерді 
ұзартудың технологиялық әдісінің ішінде дисперстік ортаның тұтқырлығын 
арттыру, яғни, дәрілік затты сілбіге айналдыру немесе дисперстік орта 
ретінде сусыз еріткіштерді (ПЭО-400, майлар және басқалар) қолдану 
тиімдірек болып саналады. Әсері ұзартылған дәрілік препараттар үшін сілбі 
ретінде әртүрлі концентрацияда ЖМҚ ерітінділері кеңінен қолданылады, 
мысалы, МЦ, КМЦ және NаКМЦ (1%), поливинол (1,4-2%), полиакриламид (0,5-
1%), поливинилпирролидон, коллаген және т.б. 
Корригирлеуші заттар (корригенттер). 
Корригенттерге әртүрлі 
заттардың дәмін, түсін, иісін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша 
заттардың тобы жатады. Қазіргі кезде табиғи және синтетикалық 
корригенттер ерітінділер, шырындар, экстракттар, эссенциялар түрінде 
пайдалануға ұсынылған. Шырындар ішінде, әсіресе, қант, шие, таңқурай, мия, 
ал тәтті заттар ретінде - сахароза, лактоза, фруктоза, сорбит, сахарин кеңінен 
қолданылады. Корригирлеуші әсер, сонымен бірге, жалбыз, анис, апельсин 
эфир майларына да тән.
Осыған байланысты, қосымша заттарды қолдану дәрілік түрлер 
технологиясының актуальды проблемаларының бірі болып табылады. 
Қосымша заттарды рационалды пайдалану фармакотерапияның әсерлігін 
белгілі бір дәрежеге жоғарылатуға, сақтау мерзімі ұзақ жоғары әсерлі дәрілік 
препараттар жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет