Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Микробқа қарсы тұрақтандырғыштар (консерванттар) –



Pdf көрінісі
бет52/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Микробқа қарсы тұрақтандырғыштар (консерванттар) – 
дәрілік 
препараттарды микробтардың әсерінен қорғау үшін қолданылады. 
Консерванттар дәрілік препаратты бірнеше рет қолданғанда, сырттан түсетін 
микроорганизмдердің өсуінің ингибиторлары болып табылады. Олар дәрілік 
препараттардың стерильдігін немесе стерильді емес дәрілік препараттардағы 
патогенді 
емес 
микроорганизмдердің 
шектеулі 
жіберілетін 
санын 
арттырмауға мүмкіндік береді. МФ XІ басылымына шаншуға арналған 
ерітінділер, басқа дәрілік түрлер, сарысулар мен вакциналар үшін келесі 
антисептикалық құралдар енгізілген: хлорбутанолгидрат (0,05-0,5%); фенол 
(0,25-0,3%); хлороформ (0,5%); мертиолат (0,01%); нипагин (0,1%); нипазол 
(0,1-0,2%) және медицинада қолдануға рұқсат етілген басқа да құралдар. 
Мертиолат 
(Merthіolatum) - этилтиосалицилаттың натрий тұзы, ақ сары 
түсті, ауада тұрақты, жарықта ыдырайтын ұнтақ. 1 бөлік суда, 8 бөлік 
этанолда ериді. Мертиолат көз тамшыларын (0,005%), көз жағар майларын 
(0,02%), шаншуға арналған ерітінділерді (0,01%), жағар майларды (0,1%) 
консервілеу үшін қолданылады. Кемшілігі – көп қолданғанда аллергиялық 
реакциялар тудырады. 
Этил спирті 
(Spіrіtus aethylіcus) – тұндырмалар мен экстрактарды және 
дәрілік өсімдік шикізаттарынан концентраттарды алу үшін экстрагент бола 
отырып, әрі консервант ролін атқарады. Кейбір эмульсияларды консервілеу 
үшін этанол сулы фаза мөлшерінен 10-12% мөлшерде, галендік және жаңа 
галендік препараттарда 20% дейін қолданылады. Бірақ, күшті антисептикалық 
қасиетке 70% этанол ие, сондықтан, галендік препараттарда 20% дейін болса, 
ол әлсіз консерванттық әсер көрсетеді. 
Хлорбутанолгидрат 
(Chlorbutanolum 
hydratum) 
– 
эффективті 
консервант. Камфораға тән иісі бар түссіз кристалдар. Суда өте аз ериді 
(1:250), 90% этанолда, майлы және вазелин майларында, глицеринде жеңіл 
ериді. 
Хлорбутанолгидрат 
0,5% 
концентрацияда 
экстракциялық 
препараттарды, жас өсімдік шырындарын, органопрепараттарды консервілеу 
үшін қолданылады.
Фенол 
(Phenolum) – органикалық қосылыс болып табылады. 0,25 - 0,5% 
фенол ерітінділері инсулин, вакциналар және сарысу препараттары үшін әсерлі. 
Бірақ, фенолды жергілікті қолданған кезде, ол тітіркендіргіш әсер көрсетеді. 


85 
Сондықтан, ол жағар майларды, көз тамшыларын және суппозиторийлерді 
консервілеу үшін қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет