Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Ұнтақтарды қақпақты желатинді капсулаларға орамдау



Pdf көрінісі
бет71/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Ұнтақтарды қақпақты желатинді капсулаларға орамдау. 
1- капсулалар; 2- қақпағын түбінен ажырату, 3- шетін сулап, 
капсула түбін ұнтақпен толтыру; 4- толтырылған капсула. 
Капсулалардың диаметрі 3-9,5 мм, ұзындығы 11-25 мм, қабырғасының 
қалындығы 0,07-0,15 мм өлшемдер аралығында шығарылады. Капсуланың 
сыртқы беті тегіс, жылтыр, көпіршіксіз, дақсыз және жарықсыз болуы керек 
(Сурет 23). ҚР МФ 1 басылымына «Капсулалар» топтық мақаласы келтірілген. 
Медициналық капсулалар дәрігер белгілегенде ғана қолданылады. 
Капсулалар дәрілік затпен қолмен толтырылады. 
Капсулада орамдалған ұнтақтар шыны құтыларда босатылады. 
Безендіру. 
Ұнтақтар белгіленуіне байланысты бекітілген негізгі этикетка 
үлгілерімен: «Ұнтақтар», «Ішуге» немесе «Сырт тәнге», сонымен бірге, дәрілік 
заттардың қасиеттеріне байланысты ескертпе этикеткалармен: «Жарықтан 
қорғалған жерде сақта», «Балаларға», «Абайлап қолдан!» және тағы басқалармен 
безендіріледі. 
Құрамына улы зат кіретін ұнтақтар салынған орауыш сүргіленеді. Улы және 
есірткі заты бар рецепті, есеп беру үшін дәріханада қалдырылады, науқасқа 
сигнатура беріледі. 
Дайын дәрілік түрді безендіру ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 
сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды 


111 
және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 
талаптарына сай жүргізіледі. 
Ұнтақтардың сапасын бағалау. 
Ұнтақтардың сапасын бағалау 
технологиялық процестің әртүрлі кезеңдерінде жүргізіледі:
-
алдынғы кезеңде (сыйымдылығын, өлшемін және т.б. тексеру); 
-
дайындау сатыларында (біркелкілігін, сусымалдығын, түсінің және иісінің 
ингредиенттерге сәйкестігін тексеру); 
-
дайын препараттың (органолептикалық бағалау, бөлшектің өлшемін
анықтау, салмағынан ауытқуын және т.б. анықтау); 
-
босатар кезде бағалау (орамдалуының, безендірілуінің сәйкестігін), қатысты 
құжаттардың: жазбаша бақылау паспортының, рецепт көшірмесінің және т.б. 
дұрыс жазылуын тексеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет