109
Сурет 22
. Ұнтақтарды қағаз капсулаға орамдаудың үлгісі
Құрамында гигроскопты заттары бар (барбамил, итжидек экстрактысы, қант,
дибазол, димедрол және т.б.), желденетін, кристалды суын жоғалтатын
(глюкоза, терпингидрат,
кальций лактаты, натрий тетрабораты және т.б.)
ауада көмір қышқыл газымен (эуфиллин, барбамил), ауа ылғалымен
әрекеттесетін (анальгин, калий йодиді, натрий гидрокарбонаты) заттар
парафинделген немесе балауызданған қағаз капсулаларда босатылады.
Осы капсулаларда босатылатын кейбір дәрілік заттардың тізімі:
Акрихин
Аммоний хлориді
Атропин сульфаты
Барбамил
Глюкоза
Дибазол
Димедрол
Темір лактаты
Калий бромиді
Калий хлориді
Кальций глюконаты
Аскорбин қышқылы
Лимон қышқылы
Фолий қышқылы
Кодеин фосфаты
Ксероформ
Магний тотығы
Натрий бромиді
Натрий сульфаты
Панкреатин
Папаверин гидрохлориді
Пиридоксин гидрохлориді
Рутин
Қант
Апоморфин гидрохлориді
Анальгин
Барбитал-натрий
Гексаметилентетрамин
Дийодтирозин
Дифенин
Тотықсыздандырылған темір
Калий йодиді
Кальций глицерофосфаты
Кальций лактаты
Ацетилсалицил қышқылы
Никотин қышқылы
Кодеин
Кофеин
Кофеин натрий-бензоаты
Магний сульфаты
Морфин гидрохлориді
Натрий тетрабораты
Норсульфазол-натрий
Пахикарпин гидрохлориді
Рибофлавин (витамин В
2
)
Сальсолин гидрохлориді
Скополамин гидробромиді
Хинин гидрохлориді
110
Терпингидрат
Эуфиллин
Итжидектің құрғақ экстрактысы
Құрамында ұшқыш заттары бар (бромкамфора, камфора, ментол, тимол,
хлоралгидрат), эфир майлары бар ұнтақтар пергамент капсулаларға
орамдалады.
Құрамына йод, йодоформ кіретін ұнтақтар қоңыр түсті
пластмасса
қақпақпен тығындалған құтыда босатылады.
Құрамында бояғыш, жағымсыз иіске немесе дәмге ие заттары бар
ұнтақтар желатинді капсулаларда (Capsulae gelatіnosae operculatae)
босатылады. Капсулалар ұштары сопақша болатын серіппелі цилиндр
тәріздес мөлдір немесе әртүрлі түске боялған мөлдір емес,
ашылып
жабылатын, бір-біріне еркін кіретін, екі бөліктен (корпус және қақпақ)
тұратын құтылар.
Сурет 23.
Достарыңызбен бөлісу: