Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Құрамына экстрактылар кіретін ұнтақтар технологиясы



Pdf көрінісі
бет82/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Құрамына экстрактылар кіретін ұнтақтар технологиясы 
Дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі спиртті немесе сулы 
сығындыларды экстрактылар деп атайды (Extracta). ҚР МФ I т., 554 б. және ҚР 
МФ II т., 77 б. «Экстрактылар» мақаласы енгізілген. Фармакопеяға сәйкес 
экстрактылар – кептірілген, әдетте, өсімдік немесе жануар тектес шикізаттардан 
алынатын сұйық, қатты немесе қою концистенциялы концентрленген 
препараттар. Консистенциясына қарай олар құрғақ (Extracta sіcca), қою (Extracta 
spіssa), сұйық (Extracta fluіda) болып бөлінеді. Ұнтақтардың құрамына, көбінесе, 
итжидек экстрактысы кіреді. Ол екі түрлі фармакопеялық препарат ретінде 
белгілі: құрғақ (1:2) және қою (1:1). Егер рецепті құрамына итжидек 
экстрактысы кіретін болса, оны құрғақ, қою экстрактылармен және дәріханада 
дайындалатын қою экстрактының ерітіндісімен дайындауға болады. Мысалы:
 
Rp.: Extractі Belladonnae 0,015
Phenobarbіtalі 0,02 
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,03
Glucosі 0,25

Mіsce fіat pulvіs. 

Da tales doses № 12. 


125 

Sіgna. 
1 ұнтақтан күніне 3 рет. 
Рецептіде дозаланған, бөлінген тәсілмен жазылған күрделі ұнтақ 
берілген. Барлық ингредиенттер сыйымды. Фенобарбитал ҚР Үкметінің 
0.9.03.1998 ж. «ҚР бақылауда тұратын есірткі құралдар, психотропты заттар 
және прекурсорлар туралы» Қаулысының ІІІ кестедегі тізіміне сәйкес 
психотропты затқа жататын болғандықтан, рецептіде оның атауының асты 
қызыл қарандашпен сызылады. Қалған заттар күшті әсер ететін заттарға 
жатады. Бұл препараттардың дозасы тексеріледі.
 
а) Құрғақ экстрактымен ұнтақ дайындау - 
Extractum Belladonnae sіccum 
(1:2)

Есептеулер: 0,015 x 12 = 0,18 x 2 = 0,36 (1:2) құрғақ экстракты 


0,02 x 12 = 0,24
Фенобарбитал 
0,03 x 12 = 0,36
Папаверин гидрохлориді 
0,25 x 12 = 3,0
Глюкоза 
m
ж
= 0,36 + 0,24 + 0,36 + 3,0 = 3,96 
m
1 ұнт.
= 3,96 : 12 = 0,33 
Бақылау паспорты 
Күні
рецепт № 
Glucosі 3,0 
Phenobarbіtalі 0,24
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,36
Extractі Belladonnae sіccі (1:2) 0,36 
m
ж
 = 3,96; m
1 ұнт.
 = 0,33; № 12. 
Дайындаған: (қолы) 
Тексерген: (қолы) 
Босатқан: (қолы) 
Құрғақ экстрактымен ұнтақ жалпы аздан көпке қарай «Алтын ереже» 
бойынша дайындалады. 
Технологиясы:
Келіге 3,0 г глюкозаны өлшеп салып, ұнтақтайды. 
Келіде оның 1/20 бөлігін қалдырып, қалғанын қағаз капсулаға төгеді. 
Сонан соң, келіге 0,24 г фенобарбитал, 0,36 папаверин гидрохлориді және 
0,36 г итжидек құрғақ экстрактысын қосып, қалақшамен жинақтай 
отырып, араластырады. Соңынан капсулаға төгілген глюкозаны қосып, 
біртекті ұнтақ болғанша араластырады. Дайын ұнтақтың біртектілігін 
тексеріп, ВР-1,0 қол таразысының көмегімен 0,33 г балауызданған қағаз 
капсулаларға дозалайды. Орамдап, ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 
227, 01.11.96 ж. № 481 бұйрықтарының талаптарына сай босатуға 
безендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет