126
m
ж
= 0,18 + 0,24 + 0,36 + 3,0 = 3,78
m
1 ұнт.
= 3,78 : 12 = 0,315
Бақылау паспорты
Күні
рецепт №
Extractі Belladonnae spіssі (1:1) 0,18
Phenobarbіtalі 0,24
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,36
Glucosі 3,0__________________
m
ж
= 3,78; m
1 ұнт.
= 0,315; № 12
Дайындаған: (қолы)
Тексерген: (қолы)
Босатқан: (қолы)
Дайындалған күні
Қою экстрактымен
ұнтақ дайындаудың өзінің ерекшелігі бар. Қою
экстрактыны дөңгелек фильтр қағазға салып (қол
таразының табақшасына екі
бірдей дөңгелек фильтр қағаз салынады), өлшейді. Экстракты салынған фильтр
қағазды келсаптың басына жабыстырып, қағазға 2-3
тамшы су немесе этанол
тамызады, сонда қағаз экстрактыдан оңай ажырайды. Келсап басында қалған
экстрактыны келіге аударып, бірнеше
тамшы этанол қосып ысқылайды, спирт
ұшып кеткенге дейін біршама уақытқа ашық қалдырады,
кейін қалған
ингредиенттерді жалпы ереже бойынша қосып, біртекті ұнтақ дайындалғанша
мұқият араластырады, дозалап, орамдап, безендіреді.
Қою экстрактымен ұнтақ дайындаудың негізгі қиындығы - экстрактыны дәл
өлшеу.
Сондықтан, дайындау процесін жеңілдету үшін қою экстрактының
ерітіндісін қолданады. Ерітінді 1 бөлік қою экстрактыдан және 1 бөлік еріткіштен
тұрады. Еріткіштің құрамы:
90% этил спирті 1 бөлік
глицерин
3 бөлік
су
6 бөлік
жалпы 10 бөлік
Ұнтақ құрамына қою экстракты ерітіндісін (1:2) 2 есе көп алады.
Экстрактының мөлшері аз болғандықтан оны салмақпен өлшеу ыңғайсыз, сол
үшін қою экстрактысының ерітіндісін стандартты
пипеткамен тамшылатып
қосады. Стандартты тамызғыш жоқ болса, басқа кез келген пипетканы
калибрлеуге болады (ҚР МФ, III том, 2.1.1. Тамшы өлшегіштер, 29 бет). Мысалы,
өлшенген бюкске 20 тамшы итжидек қою экстрактысының ерітіндісін тамызып,
0,01 г дәлдікке дейін өлшейді. Өлшеуді 5 рет жүргізіп, 20 тамшы қою экстракты
ерітіндісінің орташа салмағын есептейді. Содан кейін 1,0 г
ерітіндідегі сәйкес
стандартты емес, тамшы санын есептейді. Егер 20 тамшы ерітіндінің салмағы
0,50 г-ға тең болса, онда 1,0 г итжидек қою экстрактысы ерітіндісінің салмағы 40
тамшыға тең:
20 тамшы - 0,50 г
х - 1,0 г яғни,
1,0 - 40 тамшы
127
х = 40 тамшы, 0,1 - 4 тамшы,
сонда 0,1 г қою экстрактысы оның ерітіндісінің 8 тамшысына тең.
Қою экстракты ерітіндісі құйылған құтыны калибрленген тамызғышпен
және этикеткамен жабдықтайды:
Ext. Belladonnae spіssum (1:2)
0,1г қою экстракт ерітіндісі - 4 тамшы
0,1г қою экстракт - 8 тамшы.
Мысал бойынша қою экстрактысының мөлшері 0,18 г, яғни,
0,1 - 8 тамшы
0,18 - 14,4 тамшы,
немесе қою экстракты ерітіндісінің мөлшері:
0,18 х 2 = 0,36 г қою экстракты ерітіндісі,
0,1 - 4 тамшы
0,36 - х,
сонда х = 14,4 тамшы
Б.П.
Glucosі 3,0
Phenobarbіtalі 0,24
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,36
Extractі Belladonnae solutі (1:2) guttas XІV
m
ж
= 3,96; m
1 ұнт.
= 0,33; № 12.
Достарыңызбен бөлісу: