25
деңгейде өтеді.
Г. Аңық дәрежелі патология:
Амплитудалық-интеграцияланған ЭЭГ сигналда-
рының жоғарғы шекарасы 10 мВ деңгейде өтеді, ал төменгі шек 5 мВ-тан кем
деңгейде өтеді.
Д. Ұстамалар:
Ұстамалар кернеудің күрт ұлғаюымен және амплитудасы-ин-
теграцияланған ЭЭГ сигнал жолағының тарылтумен сипатталады, содан кейін
сигналды қысқа мерзімге тоқтату кезеңі жүреді.
Жаңа туған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсетуде пайдаланылатын
заманауи нейропротекторлық стратегияларды қолдану, орталық жүйке жүй-
есінің функционалдық жағдайын тұрақты бақылауды талап етеді. аЭЭГ әдісі
ЖСҚТБ-ғы науқасқа қарқынды терапияның тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді. Эффективтіліктің басты критериі БЭА негізгі сипаттамаларын қалыпқа
келтіру болып табылады. Ұстаманың клиникалық эквиваленті болмаған кезде,
соның ішінде ұстамаға қарсы терапиясының аясында, церебральді функциялар-
дың мониторингі ЭЭГ-позитивті ұстамалардың жоқтығын тексеруге мүмкіндік
береді [48].
Диагностикалық мүмкіндіктері негізінде аЭЭГ мониторинг қолданылуының
клиникалық әдісінің негізгі бағыттары:
− нәрестелердің функциональді жағдайын бағалау және ауыр жағдайда пери-
наталдық ОЖЖ зақымдануы ауырлығын анықтау;
− неонатальды тырыспалардың диагностикасы;
− перинаталды церебральды зақымдануы бар нәрестелердің нәтижелерін бол-
жау;
− орташа немесе ауыр дәрежелі асфиксияны бастан кешкен балаларға терапи-
ялық гипотермия көрсеткіштерін анықтау.
Tecotherm Neo құрылғысы нәрестелер мен сәбилердің бүкіл дененің немесе
оның бөліктерін жылыту мен салқындату арқылы бақыланатын емдеу проце-
дураларына арналған. Құрылғыны қолданудың негізгі бағыты гипоксиялық-и-
шемиялық энцефалопатиясы бар нәрестелердің гипотермиялық емдеуі болып
табылады.
Tecotherm Neo құрылғысы жылу мен суықтың генераторынан, жұмыс бөлігі-
нен (көрпе / матрац), сұйықтықты және қосатын түтіктерді жеткізуге арналған
кешенінен тұрады. Жұмысшы бөліктерге (көрпелер / матрацтар) негізі су ерітінді
циркуляцияға түсіп, жылу мен суықты белгіленген мөлшерін қамтамасыз етеді.
Салқындатылған сұйықтық, баламен байланыста болып, қызудың бір бөлігін қа-
былдайды, содан кейін апаратқа кері қайтарылып, ол жерде өзі салқындатылы-
да. Контур бойында сұйықтық тұрақты айналым жасап, осылайша қажетті тем-
пература сақталып тұрады. Құрал процедураның жүруін бақылап, орнатылған
Достарыңызбен бөлісу: