Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


Дезинфекциялық және дезинсекциялық заттар



бет37/47
Дата31.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#78001
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
Ôàðìàöåâòèêàëû?-òàóàðòàíó

Дезинфекциялық және дезинсекциялық заттар:
Эпидемиологиялық ауруларды алдын-алу жөніндегі кешенді шараларға дезинфекция – жұқпалы ауру қоздырғыштарын жою (микробтар мен вирустар) және дезинсекция – адам және жануарлар үшін зиянды жәндіктерді жою шаралары кіреді. Дезинфекция үшін физикалық және механикалық заттармен қатар - қышқылдар, негіздер, хлорлы әк, хлорамин, фенол, крезолдар қолданылады. Формали сияқты химиялық заттар да кеңінен қолданылады. Дезинфекция үшін мезол, хлорофос, нафталин, дустар қолданылады. Жоятын заттармен бірге диметилфталат, дибутилфталат, диэтилфталат сияқты үркіткіш заттар да бар. Жаңа дезинфекциялық заттарды қолдануға рұқсат ету туралы бұйрығына сәйкес дезинфекциялық заттар тізімі толықтырылды. Олар натр гипохлориді-жузу бассейндерін залалсыздандыру үшін биоглюконат хлориксидінің 20 ерітіндісі, дезинфекциялық жуу заттары МСЖ-28, МСЖ-1, бентахлор, дезэф және дезинфекциялық заттар-бензилбензоаттың 20% сулы сабынды суспензиясы, сульфален, диброфос. Дезинфекциялық және дезинсекциялық заттар жылытылмайтын бөлмелерде, жарықтан тыс жерлерде, тығыз жабылатын ыдыста, басқа фармацевтикалық тауарлардан бөлек сақталуы керек.
Медициналық сүліктер

Медициналық сүліктерді емдеу тәжірибесінде 30 ғасыр бұрын қолданылып келеді. Сүліктермен емдейтін ғылымды гирудотерапия деп атайды, яғни латын тілінен “hіrudo” – сүліктер деген мағына береді. (Hіrudo medіcіnalіs – Медициналық сүліктер).
Сүліктердің терапевтикалық әсерлері үш факторлармен жүреді: бірінші – сүліктер тек рефлексогенді нүктені тістейді. Ол кезде керекті жерді іздестіреді, екінші факторы – сүліктер қан клеткаларына өзінің сілекейін жібереді, ал үшінші фактор – сүліктер қан буындарына таза механикалық ауырлықты шығарады. Сонымен қатар сүліктер адам ағзасына нейро-гумаральды әсерлер туғызады.
Гипертония, стенокардия, жүрек ишемия ауруларында, инфаркт алдындағы жағдайда, миакард инфарктісінде, атеросклероз ауруларында қолданғанда медициналық сүліктер жақсы терапевтикалық әсер көрсетпейді. Атеросклерозда, инсультте, тромбоз және бас ми буындарының эмболиясында сүліктер тек емдік құралдар болып қоймай, сонымен қатар бұл аурулардың асқыну профилактикасы болуы мүмкін. Сонымен қатар, гирудотерапия бауыр, бүйрек, өт қабынуында тиімді әсер көрсетеді. Сондай-ақ, медициналық сүліктерді басқа да медициналық бөлімдерде қолданылады.
Сүліктер (Hіrudo medіcіnalіs) - құрттар типіне (Annelіdes) ‘’Hіrudіnea’’ класына жатады. Олар бос өмір сүретін эктопаразитті, басқаларға жабысатын, қанмен қоректенетін құрттар. Қан сору ұзақтығы 40-60 минут, өткеннен кейін өзі сору орнынан түседі. Сүліктер майда жануарларға түссе, олардың қанын азайтып өлімге алып келеді.
Медициналық сүліктер әр түрлі су жағалауларында және де өзен жағасында, булақтарда көптеп кездеседі және сол жерлерде өмір сүреді. Бірақ, сүліктер ласты суларға төзімсіз болып келеді, сондықтан оларды өзен жағалауларынан алғанда лабораториялық тазалаудан өткізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет