Сүйек кемігі ұрықтың 4-айында қызмет ете бастайды. Алғашқы гемопоэздік элементтер дамудың 12-аптасында пайда болады. Бұл уақытта олардың басым бөлігін эритроблассттар және гранулоциттердің бастама жасушалары құрайды. Сүйек кемігінде бағаналы жасушалардан дамуы эстраваскулярлы жүретін қанның барлық формалы элементтері түзіледі. Бағаналы жасушалардың бір бөлігі сүйек кемігінде дифференциацияланбаған күйде сақталады. Олар басқа мүшелер мен тіндерге орналасып дәнекер тін және қан жасушаларының дамуының көзі болып табыуы мүмкін. Осылайша сүйек кемігі әмбебап гемопоэзді жүзеге асыратын қан өндірудің орталығына айналады және құрсақтан кейінгі өмір барысында да сол қызметін атқара береді. Ол бағаналы жасушалармен тимус және басқа да гемопоэздік мүшелерді қамтамасыз етеді.
Даму дәрежесіне байланысты қан жасушаларының 6 класстары
1класс- плюрипотентті бағаналы жасушалар
2класс – жартылай бағаналы полипотентті, колония құрушы бірліктері (КҚ- ГЭММ)- гранулоциттер, эритроциттер, моноциттер, мегакариоциттер және лимфоциттер.
3класс- унипотентті бір бағытта –жасушалардың ізашарлары –КҚ – Мо – моноциттер, КҚ – Эо – эозинофилдер, КҚ-Э-эритроциттер және КҚ-Л, Т-прелимфоцит, В-прелимфоцит
4класс – морфологиялық жағынан ажыратылатын (бласт жасушалары) – монобластар, миебластар (нейтрофилдік, эозинофилдік, базофилдік), мегакариобластар, эритробластар, Т – және В- лимфобластар.
5 класс – жетілуге жақын, ажыратылатын танымал жасушалар.
6класс – жетілген, қан құрамына өтетін формалық элементтер.
Постэмбриональді гемоцитопоэз
Постэмбриональді гемоцитопоэз- эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, моноциттер түзетін гемопоэтикалық тіндер – миелоидты және де Т В лимфоциттері мен плазмоциттердің дифференцияланып, көбейетін – лимфоцоидты тіндерде өтеді. Постэмбриональді гемоцитопоэз қан жасушаларының физиологиялық регенерациясы, яғни қан жасушаларының өзінің орнын өзі толтыру процесі болып табылады. Миелопоэз- миелоидты тіндерді орналасқан түтікше сүйектердің эпифизінде, ал пластинка- қабыршақ сүйектердің кеуек қуысында өтеді. Мұнда қанның формалды элементтері: эритроциттер, гранулоциттер, тромбоциттер, моноциттер, ізашар лимфоциттер қалыптасады. Ізашар лимфоциттер біртіндеп көкбауырға , тимусқа, лимфа түйіндеріне тағы басқа мүшелерге ауысып көшеді. Сөйтіп бұл мүшелерді лимфопоэз жүреді. Бұл мүшелерде лимфоидты тіні бар. Лимфоидты тін бірнеше қызмет атқарады: қалыптастыру немесе лимфоциттер, плазмоциттердің дамитын тін, бұлардан бөлген қалдық заттарды жасушаларды шығарып тастау.